Әскер – өмір мектебі

Менің балам Алмас Шалтықов 30212 әскери бөлімі 1-оқу танк ротасында әскери борышын өтеп жүр. Оның ант қабылдау рәсіміне барып қайттым.  Іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. Аймақтық қолбасшылық өкілдері, ардагерлер мен әр өңірден шақырылған сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Әскери борышты өтеу азаматтардың ар-намысының көрсеткіші ғой. Мұнда балам адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп, жеке тұлға болып қалыптасады деген сенімдемін. Алдағы уақытта келісімшарт бойынша қызмет етемін деген ойы да бар.  Үлкен ұлым Ерлан да әскери қызметші. Бүгінде әскери қызметтің қыр-сырына қаныққан.

Әскер ең алдымен өмір мектебі. Ол кешегі ата-анасының жанында қиындық көрмеген кез келген бозбаланы ширатады, шыңдайды, өз бетінше өмір сүруге тәрбиелейді. Оған қоса, қазіргі күні әскерде жауынгерлерге барлық жағдай жасалған.

Міне, осыны әрбір ата-ана болашақта жауынгер болғысы келетін кез келген жігіт білуге тиіс және Отанды қорғауға әрқашан дайын болуы қажет.

                                                                           Гүлжауар Шалтықова


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"