ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әлемнің он шақты елінде қазақ батырының 150 жылдығы аталып өтті

Әлемнің он шақты елінде қазақ батырының 150 жылдығы аталып өтті

Биыл жыл басынан бері елімізде және әлемнің Түркия, Германия, Австрия, Англия, Америка, Қытай, Моңғолия сынды 10 шақты елінде қазақ батырының 150 жылдығы аталып өтті. Бұл баһадүр бабамыз кім дейсіз ғой?
Ол – Алтайда өмір сүрген әйгілі батыр, ұлт-азаттық күрес басшыларының бірі, қазақ тарихындағы тарихи тұлға Зуқа Сәбитұлы.

Ата жолымен...

Зуқа батыр Сәбитұлы 1866 жылы Зайсан-Қалба аралығындағы Үлкен Қаратал, Қызылжар өңірінде дүниеге келген. Зуқаның ұлы атасы Нұрмұхамедті жұрт «абыз» деп пір тұтқан. Нұрмұхамед ұрпақтары Қазақстанның шығыс  өңірінен бастап Шыңжан мен Моңғолия қазақтары арасында дін қызметшісі, ел билеуге, төрелік жасауға араласқан  ықпалды әулетке айналған. 1848 жылдары Сайқан өңірінде, кейін Қызылтауда және Жайырда мешіт салдырып, 40 жылға жуық имамдық, дін насихатшысы қызметін атқарған әкесі Сәбит молданы да елі ардақтаған екен. Ел аузында «Да молда» атанған әкесі Сәбит дүниеден озған соң 1883 жылы оның шаңырағын тұңғышы Зуқа Қалбадан қазіргі Қазақстан аумағына –  Сауырға ұлық Жеңісхан ауылына көшіріп әкеледі. Кемелді білім өнер иесі болып ер жеткен Зуқа екі жыл бала оқытумен шұғылданған соң қайтадан Жеменейдегі өз туыстарының ортасына қоныс аударады. Мұнан кейінгі өмірі дін уағыздаумен бірге  отарлаушы билік пен оның жергілікті өкілдерінің  озбырлығына, ата жолы мен адамгершілікке қарсы әрекетпен күресуге арнайды.

 Ел қорғаны болды

Сөйтіп, оның төңірегіне жәбір-жапа шеккендер жиналып, біртіндеп, бір қауым елге айналады. «Зуқаның елі» өр Алтайдың күңгейіндегі Бурылтоғай өңірін өздеріне қоныс етеді. Сыртқы қатерге қарсы тұру үшін әскери айла-тәсілдерге баулып, түрлі машықтарды, дала сарбаздарына тән жауынгерлік айла-әдісті меңгерткен Зуқаның бойында әккі қолбасылық, әскери өнер де қатар толысып отырады.

ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптасқан саяси-әскери ауыр жағдай: Столыпин аграрлық реформасы, 1916 жылғы Орта Азиядағы ұлт-азаттық күресі, азамат соғысы, ақ гвардияшылар мен олардың ізімен өкшелей қуған қызылдардың зобалаңы қазақ халқына қырғидай тиді. Бас сауғалағандар қалыптасқан шекарадан арлы-берлі өтуі жиіледі.  Қалыптасқан аса күрделі жағдайларға  байланысты ырыздығы мол, дүниеге жомарт, ең бастысы халыққа қорған бола білген Зуқаны пана тұтушылардың қарасы көбейе түседі. Ел қорғаны бола білген, дана би, әрі батыр, һәм дін қайраткері Зуқаны дәстүрлі ұғым бойынша батыр деп таныды. Расында да, оның қарамағындағы ел отарлаушы саясат пен оның жергілікті атқарушыларының әділетсіз, озбыр іс-шешімдеріне қарсы шығып, діттегенін шариғат жолымен немесе дәстүрлі құқық нормалары бойынша, ал кейде күш қолдана отырып орындататын, аса ықпалды күшке айналады.

 Айбыны асты

Алайда Зуқаның істеген қылықтары мен саясаты қолайына жақпаған өкімет ебін тауып жала жауып, өлкедегі әкімшілік орталығы Сарысүмбеге  шақыртып, түрмеге қамап та көреді. Мұндай тұзақтан шешендігі мен білімдарлығы арқасында аман оралған соң Зуқаның қолдары ендігі кезекте ашық күреске бет бұрады. Алтайды билеген «төрт орын» аталатын билерге және манж, гоминдан өкіметіне салық төлемеуді, отаршылыққа көнбеуге үгіттейді. Зуқаның жер жарған даңқы мен өңірдегі билеушілердің зәресін алған айбыны қазан төңкерісінен қашып, 1921 жылы Шыңжан жеріне өтіп, халықты тонаған ақ гвардияшылдардың генералы Бакич қолынан Ертістің басындағы жұртты қорғап қалады. Өр Алтайға ойран салған түрлі әскери қосындар батыр қажының қолдарымен бетпе-бет келмей оның ықпалындағы аумақты айналып өткен. Осы оқиғалардан соң  әскери ойранның алаңына айналып, бағасы кетіп, аштыққа іліккен ел Зуқа қажыға үсті-үстіне келіп қосылады.

Ішкі, сыртқы жауларымен қарудың күшімен емес бейбіт мәмілемен тіл табысу жолын ұстанған Зуқаға билеуші өкімет дегеніне көндіре алмайды.

Ендігі кезекте Шынжаң билеушілері қазақ билерімен ымыраласып, Зуқаның ізіне түседі, реті келсе оның көзін құртуды жоспарлайды. Бірақ, Зуқа қолдары үкімет әскерімен сан мәрте, қарсы келіп, Үрімжі мен Алтай арасындағы байланысты үзіп тастайды.

Шейіт болды

1920-жылдардың соңынан қазақтардың жеріне орталықтан қытай шаруаларын қоныстандыруды көздеген саясатына қарсы қарулы көтеріліс өлкедегі саяси ахуалды шиеленестіріп жібереді. Әсіресе ықпалды топтың көсемі Зуқа қажы үкіметтің алдап-арбауы мен қарулы әрекетіне көнбеген соң айламен алудың жолына көшеді. Оның реті 1927 жылы Алтай аймағына келген жаңа билеуші Цзинь Шурен кезінде жүзеге асады. Зуқа ауылынан пана тапқан басқа ұлттың өкілінің (олардың арасында моңғол, ұйғырлар да болған) көмегімен батырдың өз басына қатысты құпияларды алып тұрады. Ақыры, қапияда қолдарынан алшақта, оңаша қалған кезінде аңдып ұрланып келген үкіметтің жүздеген қарулы қолы Зуқаның шағын ауылын қоршап, ажал құрығына іліндіреді.

Батырдың басын кесіп алған  билік оны  Сарысүмбе қаласындағы Қыран Ертіс өзені үстіндегі көпірде іліп қойған. Зуқа өзімен бірге оққа ұшқан 28 шәйітпен бірге Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Белқұдықтағы зиратта жерленген.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?