28 Панфиловшылар кімдер?

Бәрімізге аян, өткен айда Қазақстан және Ресей президенттерінің назарына  «28 панфиловшы» фильмі ұсынылды.  А.Бектің «Воло¬ко-ламск тас жолы» шығармасы негізінде түсірілген кинотуындыда Ал-матыда құрылған, жау танкілерінің Мәскеуге баратын жолын бөгеген диви¬зияның ерлігі арқау болды.

 

Дивизияның ерлігі

1941 жылы 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші «негізгі шешуші шабуылды» бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16 армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8 гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшының 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 жылғы 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Панфиловшылардың есімдерін білу және олардың ерлік дастанын дәріптеу  – ұрпақ парызы.  Олардың есімдері: Николай Ананьев, Григорий Безродный, Николай Белашов (Болатов), Яков Бондаренко, Илларион Васильев, Добробабин, Петр Дутов, Петр Емцов, Нарсүтбай (Нарсұлтан)Есеболатов, Дмитрий Калейников, Василий Клочков, Абрам Крючков, Григорий Конкин, Алиасқар Қожабергенов, Әлікбай (Әлмембай) Қосаев, Николай Максимов, Гаврил Митин, Никита Митченко, Иван Москаленко, Иван Натаров, Г.Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Тимофеев, Николай Трофимов, Иван Шадрин, Иван Шепетков, Григорий Шемякин, Душамгул Шопаков.

 

Дастан болды

Осындай дивизияның ерлігі сол кездің өзінде дастанға айналды. Бізге жеткен дерек бойынша, 1942 жылдың 22 қаңтарында «Красная Звезда» газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі Александр Кривицкийдің «28 батыр туралы» очеркі жарық көреді. Онда 1941 жылдың күзінде Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизисының 28 панфиловшы-батырларының соғыстағы ерлігі жазылады.

Ол: «Елуден астам жау танкісі Панфилов басқаратын дивизияның жиырма тоғыз советтік гвардияшылары қорғаған шепке жылжып келеді...

 Соғыс төрт сағаттан астамға созылды. Бұл кезде жаудың 14 танкі майдан даласында қимылсыз қалған еді. Сержант Добробабин мерт болды, қызыл әскер Шемякин де қаза тапты... Конкин, Шадрин, Тимофеев және Трофимовтар да жан тапсырды... Көзі қызарып кеткен Клочков жолдастарына қарап: «Достар, отыз танкі екен, бізге осы жерде өлуге тура келетін шығар. Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ,  артымызда  –Москва...» - деді.

Екі қолын кеудесіне айқастырып алған Қожабергенов сақылдап тұрған жау пулеметінің аузына барып құлады... Барлық жиырма сегіз адам жан тапсырды».

Бұл беделді әскери басылымдағы очерк майдандағы тілші Василий Коротеевтің 1941 жылдың 27 қарашада шыққан «Мерт болған 28 батырдың өсиеті» атты мақаласының ізімен жазылған көрінеді.

 

Арқау етті

Кеңес өкіметі кезінде олардың ерлігі жыр-дастан еді. Бала жастан панфиловшылардың ерлігінен әсер алған Андрей кейіннен  28 панфиловшы жайында фильм түсіруді ойлайды. «Қателеспесем, 28 батыр туралы алғаш рет үшінші сынып кезінде білдім және бұл тарихи оқиғаның маған қатты әсер еткені сонша, тіпті Ұлы Отан соғысындағы ең өткір көріністердің бірі деп ойладым. Осы күнге дейінгі өмірімде осы ерлік туралы әртүрлі дереккөздерден талай рет естіп-біліппін. Бірде, Дубасеково түбіндегі соғысты баяндайтын фильм бар ма екен деп ізденіп көрдім. Ол туралы фильм жоқ болып шықты. Тек ескі «Мәскеу үшін шайқас» («Битва за Москву») картинасында ғана бір эпизод бар екен. Сол кезден-ақ осындай кино түсіру туралы ой келді. Көп кешікпей сценарий жұмысын қолға алдым», дейді режиссер Андрей Шальопа.

Сөйтіп, режиссер панфиловшылар жайындағы фильм жұмысына 2009 жылдан бастап кіріседі. Фильмнің атауы – «28 панфиловшылар». Ол әрине,

1941 жылы 16 қарашада Мәскеуді немістердің шабуылынан қорғаған генерал Иван Васильевич Панфиловтың қол астында болған 316-шы атқыштар дивизиясының кеңестік 28 жауынгердің көрсеткен ерліктеріне арналады. Лентаның бюджеті – 150 миллион рубль. Оның 34 миллионын продюсерлер краудфандингтен түсіріпті. Ресейдің мәдениет министрлігі 30 миллион рубль қаражат, ал тағы 19 миллион рубльді (80 млн.теңге) Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі бөліпті.

 Режиссерлер Ким Дружинин мен Андрей Шальопа ұсынған бұл фильмді Ресей көшбасшысының Қазақстанға жұмыс сапары кезінде екі ел президенттерінің назарына ұсынылды. Сол тұста мемлекеттер басшылары Алматыда құрылған, жау танкілерінің Мәскеуге баратын жолын бөгеген дивизияның ерлігі келер ұрпақ есінде әрдайым қалуға тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, «28 панфиловшылар" әскери драмасының прокатқа 24 қарашада жарық көреді. Кинокартинаның прокатшысы Universal Pictures Russia.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"