«28 панфиловшылар» фильмінің қазақ тіліндегі дубляжы аяқталды

Қазақфильм киностудиясы «28 панфиловшылар» туралы фильмді кең аудиторияға, прокатқа шығару үшін барлық жұмысты аяқтады.  Фильм қазақстандық көрерменге 24 қарашада қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

18 қараша күні Алматыда фильмнің премьерасы өтеді. Фильмді РФ Мәдениет министрлігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақфильм» АҚ киностудиясының қатысумен «28 панфиловшылар» (Санкт-Петербор) тәуелсіз студиясы түсірген. Ресейде фильмнің прокаты екі күн ертерек, Дубосеково разъезіндегі ұрыстың 75 жылдығы мен оқиға өткен Волоколамск жолында 16 қарашада көрсетіледі. Ресейде жалпы аудиторияға арналған көрсетілім 24 қарашадан басталады. Фильм оқиғасында 1941 жылдың күз айындағы ұрыс түсірілген.

Суреттеу бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында 316 атқыштар дивизиясының генерал Панфиловтың қол астындағы 28 жауынгері Дубосеково разъезінде Мәскеуге бағыт алған жаудың танк батальонын тоқтатқан. Сюжет толығымен Кеңес жауынгерінің ерлігін паш етуге арналған. «28 панфиловшылардың ерлігі аңызға айналып, халықтың тарихы ғана емес, ұлттық мәдениеттің бөлшегіне айналады.

Азаматтық қоғамның коды болып, қанымызға сіңеді, оны өшіру мүмкін емес», деді кинокартина режиссері Андрей Шальопа. Айта кету керек, киноны түсіруге негізгі қаржы краудфандинг арқылы жиналған. Ақша жинауға 35 мың адам атсалысып,  34,7 млн рубль жинаған. Фильм бюджетінің үштен бір бөлігін Қазақстан мен Ресейдің мәдениет министрліктері аударған. Жалпы бюджеті 150 млн рубль. Фильм екі ел аумағында түсірілген. Басты рөлдерде: Александр Устюгов, Яков Кучеревский, Азамат Нигманов, Олег Федоров, Антон Кузнецов, Алексей Лонгин, Әзиз Бейшеналиев, Дмитрий Сутырин, Андрей Бодренков, Асқар Тілеуқабылов және басқалар ойнаған.

Фильмді Ресей және Қазақстан президенттері қазан айында Астанада өткен екі елдің аймақаралық ынтымақтастығы форумында көрген. Фильмді көрген екі елдің мемлекет басшылары Алматыда жасақталып, Мәскеуді қорғаған дивизияның ерлігі болашақ ұрпақ есінде мәңгілік сақталуы керек екенін айтты.   
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"