«28 панфиловшы» фильмі прокатта көш бастады

Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген «28 панфиловшы» фильмі Қазақстан аумағында бірінші аптадағы есеп бойынша 30 миллион рубльден астам қаржы жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақфильм» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Көрермендер қызығушылығының артуына байланысты фильмнің екінші аптадағы прокаты табысты болады деп күтіп отырмыз», делінген хабарламада.  Еске сала кетейік, «28 панфиловшы» көркем фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, Ресей) түсірген.

Айта кетейік, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр.

 Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды.  Ресейлік «Кинозалдардағы көрсетілімдер туралы мағлұматты беретін Федералды бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің» ақпараты бойынша 30 қарашаға «28 панфиловшы» фильмінің Ресейдегі көрсеткіші 209,8 млн. рубльді құрап, 878 944 көрермен көрген.

 Осылайша, соғыс тақырыбына Қазақстан мен Ресей елдері бірлесе түсірген фильмнің прокаттағы бірінші аптада жинаған сомасы оған жұмсалған қаржыдан асып түсті. «28 панфиловшы»  1941 жылы Алматыда жасақталған генерал Панфиловтың 316-атқыштар дивизиясының ерлігіне арналған алғышқы бірлескен жоба. 
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"