Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған фильм мамыр айында көрсетіледі

Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен түсірілген «Анаға апарар жол» фильмі мамыр айында көрермен назарына ұсынылады. Кинотуынды Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған. Фильмнің алғашқы көрсетілімін еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп тамашалаған болатын.

Фильм Қазақстан, Белоруссия, Әзербайжанда түсірілген. Оқиға өмірде түрлі қиындықты басынан өткерген жігіттің тағдыры жайында өрбиді. Жастайынан үйінен кеткен кейіпкер соғысты көріп, тұтқындар лагеріне түседі. Экранда кейіпкердің 45 жыл бойғы өмірі көрсетіледі. Осы жылдар аралығында оның анасы ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Сюжет ұжымдастыру кезеңін, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі қиын сәттерді қамтиды. «Соғыс көріністерін Минскіде түсірілді. Днепр өзенін кешіп өтетін сәт бар. Соны 10 күн бойы түсірдік. Әрине, техникалық жағынан бұл бізге үлкен сын болды. Көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын» — дейді фильм режиссері Ақан Сатаев. Басты рөлдерді Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров сынды актерлер сомдайды. Сценарийін Тимур Жақсылықов жазса, музыкасымен Ренат Гайсин айналысқан.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"