Жаңа жыл құтты болсын, алашым!

ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің тарихында іргелі орны бар ағартушы-демократ ақындардың бірі Сәбит Дөнентаев – шығармаларында еңбекші халықтың өмірін және совет дәуірінің шындығын социалистік реализм әдісімен жырлаған талантты ақын. Ол 1894 жылы қазіргі Павлодар облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Жас кезінен ескіше хат танып, кейіннен Павлодар медресесінде оқиды. Мұғалім жалдап, орысша сауатын ашады. С.Дөнентаевтың «Қиялым» деген тұңғыш өлеңі 1913 жылы «Айқап» журналында басылып шықты. 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді. Ал, осыдан тұп-тура бір ғасыр бұрын, яғни 1916 жылы ұлыстың ұлы күніне арналған төмендегі өлеңін шығарған. Ғасырлық тарихы бар туындыны әр буын білуге тиіс.

Жаңа жыл құтты болсын, алашым!
Мал мен басың өссін-өнсін тарасын!
Жаңа талап, жаңа дәулет, жаңа бақ
Беріп жұрттың толықтырсын шарасын.
Тоқшылықпен, тұнықтықпен, саулықпен
Шаттандырсын үлкен, бала-шағасын.
Өрттен, жұттан аман сақтап шаруасын,
Төрт түлікпен бықырлатсын даласын.
Жанын, малын аямайтын ұлты үшін
Етіп берсін мұнда туған баласын.
Ақ көңілдік, ақ бейілдік нәсіп қып,
Жұрттың жойсын жүректегі қарасын.
Тілек те бір, ниет те бір, іс те бір
Тістейтіндер жаңа жылдың қалашын.
Біреу – аяқ, біреу – ауыз, біреу – қол
Болып, әркім қызметіне тарасын.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"