16 қаңтар күні 55765 әскери бөлімі Далалық байланыс торабының қызметшілері отбасыларымен ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайына барып қайтты. Олар ежелгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақ халқының мәдениеті мен әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштерін көріп, ерекше әсер алды.
Далалық байланыс торабының әскери қызметшілері ғимараттың сәулеттік және құрылымдық бейнесіне экспозициялық залдар қосымша ерекшілік беріп тұрғанын, Ежелгі дәуір-XIX ғасыр залы, XX ғасырдағы әскери тарих залы, XX-XXI ғасырлардағы қару-жарақ залы, Бейнелеу өнері залы, сондай-ақ Қазақстан әскери ісінің тарихи атриумы бар екенін атап өтті. Шара барысында Далалық байланыс торабының бастығы полковник Мейрам Хамзин офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді 2015 жылдың қорытынды нәтижиесі бойынша түрлі номинациялармен марапаттады.
«Үздік байланыс орталығы» номинациясын байланыс орталығының бастығы майор Дерик Кулшиманов, «Үздік экипаж» номинациясын аға сержант Ерболат Махамбетов, «Үздік радиотелеграфист» номинациясын кіші сержант Мақсат Досанов, «Үздік жүргізуші» номинациясын қатардағы жауынгер Бахтияр Кажияхметов иеленді.
Қатардағы Гәуһар Аяпбергенова