Тактика

Жағымды жаңалық жерде жатсын ба?

«Қаламызда Жастар комитеті құрылады екен!», – деп сүйіншілеп келген жастардың біреуі қуаныштан жуып кетті, енді бірі аспанға атқан бас киімі жерге түспей соны іздеп қуып кетті. Соның кесірінен алғашқы жиналысына бізден баратын жас табылмай үлкендердің көзі маған түсті, не жастың, не үлкендердің қатарында жоқ мен ілбіп басып сонда бардым. Жиналыс басталып кетті. Мінбеде өзіміздің төрт қаракөз отыр, шынымен де қуанып қалдым. Алдымен ортадағысы сөз алды. Өй-дөйт дерсін, басқа тілде сайрай жөнелді (артынан білдім ағылшынша екен). Келесісі орысша кетті. Екеуі де жарты сағат сөйледі.

Соңынан біреуі тұрып қазақша шатпақтады: «Мен сиздерди кутиктаймин. Комитет басталды. Енді комитетте Казах тил когам курамыз. Оган коп акша боледи. Биз баримиз казакша сойлейтин боламиз. Сау бол».

Бір қызығы ағылшынша сайрағанда бәрі ду қол шапалақтап, орындарынан да тұрып кетті, сөз сөйлеушінің бейне бір жеке кеші өтіп жатқандай «браво» деп айқайлауларымен қоймай, қыздар гүл шоқтарын сыйлап мәре-сәре болды. Кейбіреуі қолтаңба алып әуреге де түсіп жатты. Мұндай жағдай орысшада да қайталанды. Ал, қазақшада үн жоқ. Бұларына түсінбей дал болған мен, мән-жайды өздерінен білейін деп қалып қойдым.

Жаңағы төрде отырған төрт шіркінім: «Қалай қатырдық, ә. Енді жұмыс істей беруге болады», – деп таза қазақша сөйлеп бара жатыр.

– Әу, жігіттер бұларын қалай? Түк түсінсем бұйырмасын?, – дегеніме.

– Тактика, ағасы, тактика, – деп жауап берді ширағы.

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деп бабаларымыз тегін айтпаған ғой. Дегенмен де жастарды үйреткеннен, олардан үйренуіміз керек-ау.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи