Жол үстінде

Бір күні Бауыржан Момышұлы поезбен сапарға шығыпты.

Үстінде қарапайым ғана қазақы киім болса керек, вагон ішінде арлы-берлі сапырылысқан жолаушылар батырға жол бере қоймапты. Купеге кіретін жер де қарбалас екен.  Қолындағы заттарын қояйын десе, бір дәу қазақ шынтағымен тіреп: «Ей арық қойша тырмыспай, әрмен тұра тұрсаңшы», - деп жолын бөгепті. Ашуға булыққан Баукең қанша дегенмен батыр адам ғой сабыр сақтап, жайғасып алғанша үндемепті. Орналасқан соң, әлгі адамға отты жанарын қадай түсіп: «Ал, енді таныспаймыз ба, бір үйге тіреу болардай бойы-сойыңыз бар екен, кім боласыз?» депті. Сонда әлгі палуан ыңыранып, сірә, мақтаныштан да кетәрі емес: «Кім екенімді танымай отырсың ба, герой боламын», - деп омырауындағы Алтын жұлдызын ырғап қойыпты. Намысы келген Баукең енді: «Бұл Батыр атағын не үшін алдыңыз?» - деп қатқылдау үнмен тіл қатады.

-Жүз биеден жүз құлын алғаным үшін, – депті дәу қазақ гүрілдей сөйлеп. Одан сайын намыстанған батыр енді турасына көшіп:

–Айғыр шапты, байтал тапты! Онда сенің қандай қатысың бар?! – депті. Герой атағын саған емес, жүз құлын тапқан айғырға беру керек еді. Міне, көрдің бе текке мақтанып отырсың. Ал мына мен Москва түбінде – Волоколамск тас жолында қалың жауды жайратсам да омырауыма бір де медаль таққам жоқ, бірақ халық қойған Батыр атағым бар.

Сонда барып сапарлас жолаушының кім екенін сезінген дәу қазақ бір қызарып, бір бозарып, не дерге білмей сасқалақтап:

–Япыр-ай, әлгі Бауыржан деген адам сіз боласыз ба... Сіз боласыз ба? – дей беріпті. 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"