Танкішілер

Танкішілер

Қазағымның асыл текті ерімін,

Қайсар ұлы, қайратымың, серімін

Көк туымды биік шыңға көтеріп

Ер намысын қорғаймын мен елімнің.

 

Қазақ елі әлем жұртқа мақталған,

Дін тіліміз халқымызға жатталған.

Елбасына басымызды иеміз

Қазақ жұрттын тыныштықпен сақтаған.

 

Танкішілер, көтерілсін, көктесін,

Ешқашан да төмен түсіп кетпесін.

Елбасымыз сақтаған бұл армияны

Өмір бойы аяқ асты етпесін.

 

Бабаларым жетпей осы күндерге,

Қиындықпен өткізді әрбір түндерді.

Қазақ елін тапсырып, өз жұртына

Сенім артты ұрпақтары сендерге

 

Ұрпағымның тындап жылы жүрегін,

Басым қылды айбаты мен жігерің.

Мерекемен құттықтаймын жалпынды

Отбасымыз аман болсын, тілерім.

 

Шаттық болсын біздің асыл теңіміз,

Ешбір жұртқа берілмесін жеріміз.

Бейбітшілік заман болсын тілерім

Биік шыңға көтерілсін еліміз.

 

 

21450 әскери бөлімі

қатардағы жауынгер Санжар Кәрімұлы Жәдігеров


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи