7 мамырда Астанада әскери парад

2017 жылғы 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтуі жоспарлануда. Көзтартарлық шеруге 300-ге тарта бірлік әскери техника тартылатын болады. Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 80 бірлік авиациялық техникасы паш етеді.

Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған парад: пікірлер тоғысы

Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған парад: пікірлер тоғысы

ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, полковник Жұмабай ТАМАБАЕВ: – Міне, бүгін Қазақстанның Қарулы Күштеріне 25 жыл толып отыр. Соның құрметіне және Отан қорғаушылар күніне арналған парадтың куәсі болып отырмыз. Қарап отырсақ, әскери әуелетіміз артып, техникамыз еселеніп, қарулы күштеріміздің қауқары жылдан жылға үлкен маңызға ие болып келеді. Осыған шүкір дейміз. Бұл – егемен еліміздің бейбіт күндері жетістігі. Жоғарғы Бас Қолбасшымыздың қолдауымен іске асып жатқан жасампаз істер деп білеміз. Жасай берсін...

7 мамыр күні Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында әскери парад өтті

7 мамыр күні Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында әскери парад өтті

7 мамыр күні Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміз Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған әскери парад өтті. Әскеріміздің айбынын асы­рып, ел мерейін үстем еткен па­рад­­та алаңда салтанатты марш­пен 26 жаяу әскер есептоп құра­мындағы 5 мыңнан астам әскери қызметші адымдап өтті. 300-ге жуық бірлік әскери техника мен заманауи қару-жарақ...

Бұл парад бұрынғыдан өзгеше (ФОТО)

Бұл парад бұрынғыдан өзгеше (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Жеңістің 72 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған биылғы Әскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 5 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қа¬рулы Күштерінің жеке құрамынан 3371 адам тартылған. Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу парадтық есептоп, яғни құрамында 5 мыңнан астам әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтсе, 300-ге тарта бірлік әскери техника көрініс тапқан. Оның ішінде 215 әскери техника және 82 қару-жарақ...

Әскери парад: Ел айбынын айғақтайды

Әскери парад: Ел айбынын айғақтайды

7 мамыр күні Астанада елімізде бұрын-соңды болмаған әскери шеру өтеді. Егеменді Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген алдағы әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар. Тартылған жеке құрам мен әскери техниканың саны бойынша бұл шеру бұдан бұрын өткізілген парадтардан өзгеше. Елордадағы Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5 000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтуі жоспарлануда. ...

Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 25 жыл

Қарулы Күштердің қуаты әскери парадта паш етіледі

Қарулы Күштердің қуаты әскери парадта паш етіледі

Еліміздің Қарулы Күштері ширек ғасырға аяқ басты. Қауқарлы қару-жарағы мен айбынды әскері бар Қазақстанның қорғаныс саласы осы бір айтулы датаны (7-мамыр 1992 ж.) сән-салтанатпен ерекше атап өтуді жөн көріп отыр. Соның ішінде, әскери әлеуетімізді әйгілейтін әскери парадты және бірқатар бірегей шараларды өткізу министрліктің жоспарында бар. Сөз басы Бәрімізге мәлім, тоқсаныншы жылдардың басында қалыптасқан жағдайды және елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескерген ҚР Президенті...

Астанада Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды парад өтеді

Астанада Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына арналған ауқымды парад өтеді

2017 жылғы 7 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Жылдың ауқымды әскери шарасына кешенді дайындық басталып та кетті. Сонымен, ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. Оның барысында Астана қаласында өтетін әскери парадты сапалы ұйымдастыру және оны өткізу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді. Егеменді Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына...



Беттер: 1

Жаңалықтар жүгіртпесі