Универсиадаға қатысатын әскери спортшылар

XXVIII дүниежүзілік Қысқы Универсиада-2017 ойындарына қатысатын Қазақстан құрама командасында ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары да бар. Спорттың биатлон, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы түрінен бақ сынайтын сол тоғыз әскеримен таныс болыңыздар.

Биатлоншылардың бағы жансын!

Биатлонға әскери спортшылардан 6 адам қатысады.

Алдымен ауызға ілігері, АОСК спорт ротасының мерзімді әскери қызметтегі сарбазы Максим Браун. Ол талай спорттық додаларда топ жарған. Мысалы, 2014 жылғы Азия чемпионатында (12,5 км қуалау) бірінші орынға, 2015 жылғы Универсиадада (аралас эстафета) екінші орынға қол жеткізді. Үстіміздегі жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиадада Максим осы жетістіктерін қайта қайталайды деген ойдамыз.

Ал, 2014 жылғы Олимпиада ойындарына (Сочиде) қатысушы Алина Райкова 2015 жылы қысқы Универсиадада чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінген-ді. Қазақстан Республикасының спорт шебері биылғы жылы бағын тағы сынамақ. Осы орайда кіші сержант Алинаның арынына және жетер жетістігіне біз де куә боламыз деген ойдамыз.

Ефрейтор Анна Кистанова. 2012 (Азия чемпионаты) және 2015 (Универсиада) жылдары спорттық додаларға қатысып, жақсы нәтиже (екеуінде де аралас эстафетадан, 2-орын) көрсеткен Аннаға да жанкүйер екенімізді ұмытпалық.

Осы спорт түрінен бақ сынайтындардың қатарында ҚР ҚК әскери қызметшілері Василий Подкорытов (2014 жылғы (спринт 10 км) Азия чемпионатында үшінші, 2015 жылы (аралас эстафета) Универсиадада 2-орын иегері), Антон Пантов (Азия чемпионатында (бұқаралық старт 15 км) 2-орын иегері) және сол Азия чемпионатында  (бұқаралық старт 12.5 км) екінші орынға табан тіреген Дарья Усанова бар.

 

Шаңғышылар шашасына шаң жұқтырмасын!

Шаңғы жарысынан әскери спортшылардан 2 адам қатысады. Олар: 2013 жылы Универсиадада (4-тен 10 км эстафета) бірінші орынды жеңіп алған ҚР ҚК әскери қызметшісі Сергей Малышев пен осы додада (3-тен 5 км эстафета)  және 2013 жылғы бүкіләлемдік әскери-спорттық ойынында  (командалық спринт) үшінші орындарға қол жеткізген қызметші Марина Матросова.

Екеуі де шашасына шаң жұқтырмай, қатарластарынан оқ бойы озық келеді деген бек сенімдеміз.

 

«Жалғыздың» жұлдызы жансын!

 

Ал, хоккей ойынына үкілеп қосып отырған «жалғызымыздың» есімі – Дамир Рыспаев.  АОСК спорт ротасының мерзімді қызметтегі сарбазы  осыған дейін талай сайыстарда топ жарып жүр. Әлем чемпионаттарында оқ бойы озық жүрген ол үнемі бірінші орындардан көрінді. Дамир өзіне жеңіс сыйлаған сол бір 2013 (дивизион 1B, U18)  және 2015 жылдардағы (дивизион 1B, U20)  әлем чемпионаттарынан қанаттанды.

Бүгінде хоккейшіміз еліміздің бас қаласы Астанада жаттығуда. Дода алдындағы дайындық барысында мұз айдынында жаттығып, сырғанау сабақтарын, таяқты ұстау техникасын қайталап, жеке және тактикалық дағдыларды игеруде. Жаттығулары мен жалпы физикалық дайындығы да жаман емес.

«Қорғаныс министрлігі қашанда Қарулы Күштеріндегі спорттың дамуына және әскери қызметшінің физикалық дайындығына баса назар аударып келеді. Сол себептен де, бізде мерзімді қызметтегі сарбаздарға спорттық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік мол. Тек қана оқу-жаттығу жиындарына ғана емес, жарыстарға қатысып жүргеніміз – соның айғағы», дейді Дамир Рыспаев.

 

P.S. Міне, ойынға үкілеп қосқан спортшыларымыз – осылар. «Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші, жанкүйер болар жандардың үмітін ақтап әскерилеріміз тамаша ойын көрсетіп, көптің көңілінен шығады деген ойдамыз. Сондықтан сол әскерилеріміз жеңістің тұғырынан көрінсін деген ниеттестікте (тақырыпшаларда) жарыс алдында жақсы сөзді ауызға алдық. Лайым, сіздерге сәттілік серік болсын!


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"