Таразда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спартакиада өтті

Таяуда Тараз қаласының «Тараз -Арена» спорт сарайында  Жамбыл облысы жергілікті  әскери басқару органдары арасында Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атындағы спартакиада өткізілді.

Спартакиаданың ашылу салтанатын Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі  департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мұрат Даулетбахов ашты.

Мемлекетіміздің Гимні ойналып, Туымыз жоғары көтерілді. Содан соң

екі жүз адамнан құралған 12 команда спорттың 5 түрінен сайысқа түсті. Жүзден жүйрік, мыңнан алғырлар ғана жоғарғы көрсеткіштерге ие болды. Мәселен, 24 килолық кір тасын көтеруден әр командадан бір ойыншыдан қатыстырылды. 24 килолық гір тасын 37 рет көтерген Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеңімпаз болды.

Сондай-ақ, эстафеталық жарыста да бірінші болып Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті көрінді. Екінші болып Байзақ ауданының, үшінші  болып Тараз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма командасы мәреге жетті.

Волейбол мен футболдан да жарысқа қатысушылар алдарына жан салмады. Волейболдан ақтық сында  Т.Рысқұлов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі командасы Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті командасын ұтты.

Ал, футболдан болса, Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мен Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген командалары кездесіп, 1:0 есеппен Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жеңіске жетті.

 Волейбол және футболдан командалық жарыста алты командадан екі топқа бөлініп ойнады.

Арқан тартысы да өте қызықты өтті. Арқан тарту командалық жарысында Жаңатас қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бірінші орыннан көрінді.

 

Соңында, барлық жарыс түрлерінен ең көп ұпай жинағандар марапатталды. Сонымен, ең көп ұпай жинаған Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті командасы жеңіске жетті. Ал, Т.Рысқұлов ауданының (ІІ)  және Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім командалары (ІІІ орын) қалған орындарды өзара бөлісті. Сайыстың дара түрлерінен жүлдегерлер, үздік ойыншылар, белсенді атсалысқандар, төрешілер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Спартакиада жүлделі орындарға ие болған командалар төрешілер тарапынан дипломдармен, кубоктармен, бағалы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.

 

 

Подполковник Бауыржан ҚЫРҒЫЗБАЕВ,

Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі

департаменті бастығының орынбасары

 

         


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"