Тәуелсіздікпен түйдей құрдас спортшылар кімдер?

Спортта жұлдызы жанып, 25 жасында еліміздің даңқын асқақтатып жүргендер бар. Сол тәуелсіздікпен түйдей құрдас спорт тарландарына тоқталып өткенді жөн санап отырмыз.

Данияр Елеусінов. Боксшы. 1991 жылы 13 наурызда туған. Қазір 69 келіге дейінгі салмақта бокстасады. Биыл Олимпиада чемпионы атанды. Жалпы, тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан төрт жыл сайынғы жазғы Олимпиада ойындарынан боксшылар ешқашан алтын жүлдесіз оралған емес. Данияр Елеусіновтің биылғы алтыны Олимпиада ойындарының тарихында қалды, себебі, бір елдің боксшылары қатарынан төрт рет 69 келі салмақтағы алтынды ешкімге берген жоқ.

Данияр Елеусіновтің әкесі Марат Елеусінов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ал інісі Дәурен Елеусінов – әлем чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы.

Тағы бір боксшымыз Ільяс Сүлейменов те осы жылы 29 наурызда дүниеге келген. 52 келі салмақта жұдырықтасып жүрген Ілияс боксқа 2002 жылы келді. Астана жаттығады. Ол Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әскерилер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Галлада өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанған. Ұлттық құрамадан тыс, Ілияс атақты «Астана Арланс» кәсіби бокс клубының намысын қорғаған.

Велошабандоз Артем Захаров 1991 жылы 27 қазанда туған. Ол – Азия чемпионы, Азия кубогының жеңімпазы, әлем кубогының қола жүлдегері, Азия чемпионатының қола және күміс жүлдегері. Қазақстанның велоспорт бойынша ұлттық құрамасының көшбасшысы талай жарысқа түскен жігіт. Биыл ол Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Олимпиада  ойындарына жолдама ұтып алған Артем Захаров мәре сызығын оныншы болып кесті.

ҚР футбол құрамасының шабуылдаушысы Сергей Хижниченко дәо осы жылы, бірақ шілдеде дүниеге келген. Футболдағы кәсібі 15 жасында басталған ол  Өскеменнің «Шығыс» командасы үшін ойнаған болатын. Осы командадағы, жалпы, футболдағы ең алғашқы ойынын голмен бастаған.«Шығыс» командасы Қазақстанның Премьер-лигасынан шығып қалғаннан кейін, Мәскеудің ЦСКА командасы Сергейге көз салып, команданың екінші құрамымен жаттыққан болатын.

2010 жылы Сергей Астананың «Локомотив» командасына ауысып, кейіннен «Атырау» құрамасына көшкен еді. 2011  жылдың ақпанында Қарағандының «Шахтер» футбол клубына ауысты. 2016 жылдың ақпанынан бері «Тобыл» командасымен келісімшартқа отырды.

 Тағы бір ҚР футбол құрамасының шабуылдаушысы Алексей Щеткин 1991 жылы 21 мамырда туған. 2010 жылы «Жетісу» командасының құрамында жүріп, Қазақстанның Премьер-лигасындағы дебютін өткізді. Үлкен фуболдағы алғашқы голын да сол жылы «Ақжайықтың» қақпасына салған еді. «Жетісу» командасында жүріп 84 матч өткізген, 15 гол салған. 2012 жылы УЕФА Еуропа лигасында алғашқы ойынын өткізген. Еуро-2016  іріктеу кезеңінде Қазақстан үшін екі ойын өткізген.  

Жеңіл атлетшілер Юлия Рахманова мен Ольга Сафронова 1991 жылдың күзінде дүниеге келіпті. Аралары (Юлия 25 қазанда, Ольга 5 қарашада туған) – он күн.

Орта қашықтықтағы жарыстарға ет үйреткен Юлия 2014 жылы Азия чемпионы атанды, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2015 жылғы Универсиадада жеңіске жеткен желаяқ. Биыл Рио Олимпиадасына барған Юлия 400 метр қашықтықта жүгіріп, мәре сызығын сегінші спортшы болып кескен еді.

Ал, Ольга карьерасын ұзындыққа, биіктікке секіріп бастаған. Кедергімен жүгіруде де өзінің күшін сынап көрген спортшы соңында спринтке тоқтаған. Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Азия чемпионатының қоласын алған жүйрік. Лондон және Рио Олимпиадасына қатысқан.  

 Спорт саласында тәуелсіздікпен құрдас әрі ел президентімен аттас жандар да кездеседі. Олардың бірі Нұрсұлтан Тұрсынов – балуан. 1991 жылы 1 тамызда туған. Күреске 8 жасында келген Нұрсұлтан 2014 жылы Азия чемпионы атанды. 2015 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегерін иеленді. Спортты серік еткен отбасының ұлы. Әкесі Шыңғыс Тұрсынов – қазақ күресі бойынша жаттықтырушы, үлкен ағасы Мұхит Тұрсынов  – қазақ күресі бойынша екі дүркін әлем чемпионы, қазақ күресі бойынша Азия чемпионы, «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің жеңімпазы.

Астананың хоккей мектебінен білім алған хоккейші Нұрсұлтан Белгібаев 2007 жылдан бері Қазақстанның атақты «Барыс» командасы сапында мұз айдынға шығып жүр. Ол ҚР-ның хоккейден студенттік құрамасымен бірге Дүниежүзілік қысқы универсиадада екі рет жүлдегер атанып үлгерді. 2013 және 2015 жылдары Нұрсұлтанның командасы күміс жүлделерді иеленген еді.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"