«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондарында балалардың спорттық сайысы өтті

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру шеңберінде Спорт комитеті – АОСК нұсқаушыларының жетекшілік етуімен Өскемен және Аягөз гарнизондарының спорт кешендерінде әскери қызметшілердің балалары және спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында спорттың әскери-қолданбалы және ойын түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізілді.

Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан эстафета өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша 27943 әскери бөлімі балалар секциясының тәрбиеленушілері үздік атанды. Аягөз қаласында шағын футболдан турнир өтті. Бірінші орынды қаланың балалар мен жасөспірімдер орта мектебінің командасы жеңіп алды. Жалпы алғанда, сайыстарға жүзден аса бала қатысты. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктар, медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бір жыл бойы ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығының бастамасы бойынша әскери гарнизондарда әскери қызметшілердің балаларына арналған спорттық секциялар құрылғанын және жұмыс жасап жатқанын естеріңізге сала кетейік. Бұл жерде 6 мен 16 жастағы балалар армиялық қоян-қолтық ұрыс, күрес, шағын футбол, қазақ күресі және спорттың өзге де түрлерімен шұғылдана алады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"