Бокстан Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған турнир басталды

Алматыда Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу құрметіне орай бокстан ХХ халықаралық турнир басталды.

Көптен бері дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан турнир Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге елімізден тыс жерлерде танымал. Жыл сайын турнирге таяу және алыс шетелдегі мемлекеттерден 150-ден аса жетекші спортшылар қатысады. Биылғы жылы Алматыда Қазақстанның командаларымен қатар Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Монғолия, Малайзия және Қытайдың боксшылары келді. «Кезінде Нұрмағамбетов турнирі Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Еркебұлан Шаналиев сынды спортшыларға спортта жоғары жетістіктерге жетуге жол ашты. Бұл бүгінгі тартыстың жоғары деңгейі мен беделін тағы бір мәрте растады», - деп 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, бокстан Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлегері Ермахан Ибраимов атап өтті. Турнир 10 салмақтық дәреже бойынша өткізілуде. Шешуші жекпе-жек 28 мамырда өтеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"