Рио Олимпиадасының алтын медалінің құны Лондонмен салыстырғанда төмен

Рио Олимпиадасы алтын медалінің салмағы рекордтық 500 граммға дейін артқанымен, номиналды құны Лондонда өткен Олимпиада ойындарының алтын медалімен салыстырғанда, 12 пайызға төмендеді, деп хабарлайды MarketWatch.

Оған басты себеп – соңғы төрт жыл ішінде алтын бағасының 17 пайызға және күміс бағасының 28 пайызға төмендеуі.

Рио Олимпиадасында табысталатын алтын медальдар құрамы 494 грамм 92,5 пайыздық күміс пен 6 грамм 99,9 пайыздық алтыннан тұрады.

Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Оның біреуі - күміс, үшеуі - қола.

Жалпыкомандалық есепте АҚШ командасы 22 жүлде жеңіп алды. Ал, екінші орында келе жатқан Қытай құрамасының еншісінде 17 медаль бар. Үшінші орында 12 жүлдемен мен Ресей елі тұр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"