ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы кикбоксингтан әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Венгрияның астанасы Будапештте кикбоксингтен WAKO 2016 бойынша әлем кубогы аяқталды. Армия орталық спорт клубының спортшысы Шыңғыс Ысқақов 86 келі салмақта турнирдің қола медалі жүлдегері атанды. Жартылай финалдық тартыста спортшы ұпай бойынша 2015 жылғы кикбоксингтан әлем чемпионатының жүлдегері Украинаның спортшысы Виталий Кровчактан жеңіліп қалды.

Әлем кубогының венгриялық кезеңі әр жыл сайын ғаламшардың мықты кикбоксерлары бас қосатын ең беделді бәсекелердің бірі болып табылады.  Осы жылы сайысқа 35 елдің спортшысы қатысты. «Әлем кубогы жоғары деңгейде өтті. Өз елдерінің үздік өкілдері қатысты. Украиналық спортшымен өткен жекпе-жек тартысты болды. Әлем кубогына дейін ол 91 келі салмақта өнер көрсеткен болатын. Ал қазір ол 86 келі салмақта өнер көрсетіп жүр», - деп Шыңғыс Ысқақов атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"