ҚР Қорғаныс министрлігінің 10 армиялық спортшысы Олимпиадаға барады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының 10 спортшысы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадалық ойындарға аттанады. Қазақстанның құрамасы құрамында олар еліміздің намысын басты әлемдік сайыстарда қорғайтын болады.

Олимпиадалық жолдама иегерлерінің қатарында қазақстандық жеңіл атлетші капитан Ольга Рыпакова, жеңіл атлетші қатардағы жауынгер Михаил Красилов, былғары қолғап шеберлері аға сержант Біржан Жақыпов, ефрейтор Қайрат Ерәлиев пен ҚР ҚК-нің қызметкері Жәнібек Әлімханұлы, ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Юрий Юрков – оқ ату, 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев – байдаркаларда есу, кіші сержант Ғалымжан Үсербаев – еркін күрес, ефрейтор Руслан Жапаров – таэквондо және заманауи бесайыста өнер көрсететін ҚР ҚК-нің қызметкері Елена Потапенко бар. Жақында ғана Қазақстан олимпиада құрамасының мүшелерімен Мемлекет басшысы кездесті. Елбасы ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы ефрейтор Руслан Жапаровқа Мемлекеттік туды табыс етті. Ол олимпиадалық құрамамыздың ту ұстаушысы ретінде өнер көрсетеді және Олимпиадада еліміздің басты мемлекеттік символын көтереді. «Олимпиадалық ойындарға қатысу және өз елінің туын арқалау – әрбір спортшының арманы. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік. Өйткені, ел бізге үкілеген үміт артады. Және біз осы үмітті ақтап, Қазақстанды жоғары деңгейде көрсетіп, үйге алтын медальмен оралғымыз келеді», - деп ефрейтор Руслан жапаров ойымен бөлісті. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында айтқандай, қазіргі кезде спортшылардың соңғы жаттықтыру жиыны өтіп жатыр. Ал 1 тамыздан бастап олар олимпиадалық қалашыққа жөнеле бастайды. Спортшылар жақсы дайындалып жатыр. Бұл Олимпиадада әрқайсысының өз мақсаты бар. Алтынды еншілеп, рекорд жасау.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"