ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қорғаныс министрлігі АОСК спортшылары Сочиде өтетін ІІІ қысқы Дүниежүзілік әскери ойындарға қатысады

Қорғаныс министрлігі АОСК спортшылары Сочиде өтетін ІІІ қысқы Дүниежүзілік әскери ойындарға қатысады
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының тау дайындығы және спорттық бағдарлау жөніндегі штаттық команданың спортшылары ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақстандық альпинист, аға лейтенант Мақсұт Жұмаевтың басшылығымен ІІІ қысқы Дүниежүзілік әскери ойындарға қатысады.

Әлемнің 26 елінен барлығы 2 000 спортшының басын біріктіретін бұл жарыс Сочи қаласында өтеді. Жалпы әскери спортшылар түрлі 44 жүлде бойынша жеке және командалық жарыстарда бақ сынайды. Спорттық бағдарлама 7 спорт түрінен тұрады. Олар биатлон, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, шыңғыда спорттық бағдарлау, ски-альпинизм, үй-жайдың ішінде биікке өрмелеу , шорт-трек. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары алдағы жарыс бойынша жоспарлы даярлықтан өтті.

 Спорттық бағдарлау жөніндегі команда оқу-жаттықтыру жиынымен қатар, ҚР шаңғыда бағдарлау жөнінде ашық Кубогқа қатысқан. Чемпионат барысында орта және ұзақ қашықтықтағы аралықты Армия орталық спорт клубының спортшылары орта қашықтықты бағындыруда қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмастан барлық медалдерді жеңіп алды, сондай-ақ ұзақ қашықтықта бір «алтын», екі «күміс», және бір «қола» жүлдеге ие болды.

Армияның сапындағы биіктікті бағындырғандар Дүниежүзілік әскери ойындарына қатысу үшін күшейтілген дайындықтан өтуде. Астанада құзға өрмелеуден Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі өтті. Нәтижесі бойынша жылдамдығы жағынан кіші сержант Никита Девятериков 1 орын, ал оның інісі кіші сержант Артем Девятериков екінші орын алды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"