Армия орталық спорт клубында ұлттық спорт түрі көкпардан штаттық команда құрылды

ҚМ Армия орталық спорт клубында ұлттық спорт түрі «Көкпар» бойынша штаттық команда құрылып, көкпардан армиялық құрамамыздың алғашқы өнер көрсетуі өтті. Достастық турнирінде олар Қарағанды облысының құрамасымен текетіреске түсті.

Армия орталық спорт клубы өкілдерінің айтуынша, бұл спорт түрінің енгізілуі мен штаттық команданың құрылуы оларды осы спорт түріне машықтандырады және кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
«Жуырда ғана құрылған Қарулы Күштерінің көкпар бойынша құрама командасы бастау алды. Құрама команданың құрылуының негізгі мақсаты Қарулы Күштер бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда өнер көрсету», - дейді Спорт комитетінің төрағасы – ҚР ҚМ АОСК-ның бастығы Айталап Қорғамбаев.

Қарулы Күштер құрамасының дебюттік ойыны 3:1 есебімен армиялық спортшылардың жеңісімен аяқталды. «Өмірімді әскери іспен байланыстырамын деп ешқашан ойламаппын. Алайда, АОСК-да көкпардан команда жасақталғанын естіп, мен спорттық ротада қызмет етуге бардым және әрі қарай өмірімді әскери іспен байланыстыруды жоспарлаудамын», - дейді осы орайда АОСК спорттық ротасының мерзімді қызметтегі сарбазы Данияр Ғаллинұров. Ал, таулы-егерьлік полктің сержанты Азат Жидебековтің айтуынша, полкте қызмет ету үшін әскери қызметшілер атқа мінудің қыр-сырын білуі, сондай-ақ дене және жауынгерлік даярлығы да керемет болуы тиіс.

Сондықтан болар, көкпармен шұғылданатын бозбалалардың, мәселен, атқа мінуде шеберліктері бар ауыл балалары әскерге келеді. Бұл бозбалалардың мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін таулы-егерьлік полкте немесе ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында қызмет етуге барлық мүмкіндіктері бар.
Айта кетейік, құрылған штаттық команда құрамында АОСК-ның армиялық спортшылары мен таулы-егерьлік полктің әскери қызметшілерінен бар.

P.S. Көкпар десе қаны қызған қазақпыз. Сол ұлттық спорттың түрі ҚР Қорғаныс министрлігінде жанданып, қолға алынғаны қуанарлық  жайт. Осы ойын десе ат жалын тартып мініп, салым салуға асыққан Қазақстан әскерінің жігіттері көбейе берсін деген ниеттеміз.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"