Қазақстанның әскери дәрігері халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді

Қазақстанның әскери дәрігері халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді

Өзбекстанның «Фориш» полигонында қазақстандық әскери дәрігерлер командасы «Әскери-медициналық эстафета» сайысында жоғары нәтижелер көрсетті.

Кіші және орта медициналық персоналдар арасында өткен сайыстың «Жеке шеберлік» атты бірінші кезеңінде арнайы дағдылар мен кедергі жолақтарынан өтуді көрсетуден жаттығулар орындалды. Әйелдер арасындағы жеке сынақтың қорытындысымен бірінші орынды медицина қызметінің аға лейтенанты Ақбөпе Таңатарова иеленіп, ерлер арасында медицина қызметінің аға лейтенанты Нұржан Қапезов ерекше көзге түсті. Жарыстың нәтижесімен ол үшінші орынды қанжығасына байлады. Арнайы даярлық кезеңінің аясында әскери дәрігерлер жаралыларға көмек көрсету және оларды ұрыс алаңынан алып кету тапсырмаларын орындады. Атап айтқанда, жаралыларға жақындау, қанды уақытша тоқтату, жаралыны алып жүру, жүрек-өкпе ағзаларының жұмысын реттеу, алғашқы таңуды жүргізу және жауынгерді ұрыс алаңынан әкету. Ұрысқа жақындатылған жағдайды жасау үшін  ұйымдастырушылар атап өткендей, экипажбен кедергілерден өту кезіндегі аралықта жүргізілген іс-қимыл бағытында миналар имитациялық бүркемелеу жасалды. Бұдан өзге, биылғы жарыс бұрынғыдан өзгерек өтті. Жарыс кедергі жолақтарын игеру және кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда медициналық қимылды орындау арқылы жүргізілді. Алда әлі конкурстың  - «Үздік механик – жүргізуші» атты екінші кезеңі бар. Оның нәтижесімен конкурс қорытындыланып, жеңімпаздардың есімі белгілі болады. Өзбекстан алғаш рет өз өңірінде армия ойынын, яғни «Әскери-медициналық эстафета» сайысын өткізіп отыр. Биыл әскери дәрігерлер сайысына 11 ел: Әзербайжан, Ангола, Армения, Беларусь, Въетнам, Зимбабве, Мьянма, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан қатысуда.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи