Қазақстандық әскери қызметші әлем чемпионы атанды

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Молдованың астанасы Кишинев қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының жүлдегері және әлем чемпионы атанды.

Чемпионатқа әлемнің 26 елінен 122 мықты спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормативін орындап, армиялық спортшы аға лейтенант Вадим Федосеев алтын медальді жеңіп алды. «Бұл кубокта мен Қазақстан Қарулы Күштерінің бірден-бір өкілі болдым. Сондықтан үлкен жауапкершілік сезілді. Барлық қарсыластарым керемет дайныдықтарын паш етті. Бірақ, бапкерім Дәуірбек Дәулетбековтің баптауының арқасында мен жеңімпаз атандым. Үйге оралған соң алдағы турнир Жоғарғы Бас қолбасшының кубогына дайындықты бастаймын», - деді 66597 әскери бөлімі ротасының командирі аға лейтенант Вадим Федосеев. Жалпы командалық есепте Қазақстанның құрамасы екінші орынды иеленгенін, бірінші және үшінші орынға Ресей және Молдованың спортшылары жайғасқанын айта кеткен жөн. Барлығы қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді еншіледі.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"