Қазақстан кубогының жеңімпаздары атанды

Шымкентте Қазақстан Республикасының Кубогына ауыр атлетика турнирі аяқталды. Оған АОСК-ның ауыр атлетика спортшылары қатысып, екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Аталған турнирге Қазақстанның барлық өңірінен 200-ден астам мықты атлет қатысқан болатын. Аталған сында 85 салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Женис Ұланов. Сол сияқты 94 салмақ дәрежесіндегі 2015 жылғы Азия чемипоны Рүстем Сыбай көш бастады. Күміс жүлдеге 105 салмақ дәрежесінде армияның ауыр атлеті, Риода өткен Олимпиадалық ойындардың «қола» жүлде иегері Александр Зайчиков ие болды.

«Жыл сайын қарсыластардың дайындық деңгейі артуда, бұл екі жылдан кейін жазғы кезекті Олимпиада ойындары Токиода өтетініне негізделіп айтылып отыр. Әр сәтті өткен сайыс біз армандаған лицензияны жеңіп алуға жақындата түседі.  Біз үшін армия туын көтеріп, яғни танымал ауыр атлет Анатолий Храпатый секілді Армия орталық спорт клубының туын желбірету тарихын қайталау абыройлы іс», - деп Денис Ұланов өз ойымен бөлісті. Қазақстандық ауыр атлеттер үшін Қазақстан чемпионаты алдында Қазақстан Республикасының кубогын алу басым оқиғалардың бірі болып саналады, оның нәтижесі бойынша әрі қарай әлемдік біріншілікте қатысу үшін ұлттық құрама команда қалыптасады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"