Қарағанды қаласының «Манеж» спорт кешенінде 2005-2010 жылдары туылған бозбалалар мен қыздар арасында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогына самбодан алғашқы қалалық ашық чемпионаты өтті.
«Сайыстың негізгі мақсаты әскери орта мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру болып табылады», - деп атап өтті чемпионатты ашқан «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов.
Чемпионатқа барлығы Қарағанды мен Қарағанды облысынан 2005-2010 жылдары туылған 97 бала қатысты. Қонақтардың арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне қатысқан Қарағанды облысы бойынша самбо федерациясының өкілдері болды.
Чемпионаттың ең кішкентай қатысушысы 2010 жылы туылған Мәриям Хамзенова 25 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде абсолюттік чемпион атанды. Мәриямның әкесі, 3-сыныпты сержант Ерғазы Мұқашев «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде қызмет өткеруде және қызметтен қолы босаған уақытта өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің балаларын жаттықтырумен айналысады.