Оқу-жаттықтыру орталық базаларында дайындалды

Алматы және Щучье қалаларындағы АОСК оқу-жаттықтыру орталықтарының базасында, сондай-ақ Панфилов кентінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ТМД достастық армиялары елдерінің арасындағы ІІ әскери-спорттық ойындарына дайындық жүргізді.

ТМД достастық армиялары елдерінің арасындағы әскери-спорттық ойындар шілденің 24-і мен тамыздың 1-і аралығында Қырғызстанның Балықшы қаласында өтуде. Бұл ойындар алты әскери-қолданбалы спорт түрін қамтиды. Атап айтқанда, армиялық қоян-қолтық ұрыс, гір спорты, әскери-спорттық кешеннің көпсайысы, офицерлік үшсайыс, табельді қарудан оқ ату және командирлік старттар.

«Қарулы Күштердің құрамасына іріктеу Спорт комитеті өткізген әскери қызметшілердің Қарулы Күштердің Спартакиадасы мен өзге де чемпионаттарда өнер көрсету қорытындысы бойынша өткізілді. Бүгінгі таңда оқу-жаттықтыру жиындары барысында алдағы сайысқа қатысатын қатысушыларға жүктелген тапсырма жүз пайызға орындалды», - деді Спорт комитетінің төрағасы подполковник Расул Мейірманов.

2015 жылы Қарулы Күштеріміздің құрамасы Мәскеуде өткен ТМД достастық армиялары елдерінің арасында І әскери-спорттық ойындарда екінші жалпы командалық орында еншілегенін естеріңізге сала кетейік. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"