Ольганың олжасы: Президент және ел тарапынан бағаланды (Фото)

Бір өкініп, бір үміттеніп отырғанда қоржынымызға қола медаль қосып, бізді қуантқан капитан Ольга Рыпакова оралғанда халық қошеметпен қарсы алды. Ольганың осы бір олжасы ел Президенті мен жерлестері тарапынан бағаланбай қалмады.

«Алтынға» балады

 

Жұма күні жазғы Олимпиадада жұлдыздары жанған спортшыларымыз ел Президентімен жүздесті. Кездесу барысында спортшыларымыздың 270 елдің арасында 22-ші орынды иеленіп, барша әлемнің алдында еліміздің абыройын асқақтатқаны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан жоғары бағаланбай қалған жоқ. Олардың Олимпиададағы медальдары, жоғары спорттық нәтижелері мен жетістіктері Қазақстан тәуелсіздігінің алдағы 25 жылдығына лайықты сый болып саналатынын жеткізген Президент ойыншыларға өз бағамын берді. Жаһандық жарыста өнер көрсеткен боксшылар Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетовтермен қатар, сол тұста жеңіл атлетші, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының капитаны Ольга Рыпакова да тілге тиек етілді.

«Жеңіл атлетикада  Ольга Рыпакова жоғары биіктерден көрінген жетістіктерін сақтап қалғанын бөлек атап өткім келеді. Олимпиадада үшінші нәтиже көрсеткен Ольганың «қола» медалі де «алтынға» татиды», -деді ҚР Президенті. – «Неліктен? Себебі Лондон және Рио Олимпиадалары арасында ол өмірге ұл әкеліп үлгерді, бүгінде бала үшке толды. Оның екі баласы бар және ол спорттық формасын және спорттық жігерін сақтап қалуға қауқарлы болды. Нағыз ерлік! Біріншіден, ол  – ана! Екіншіден, нағыз батыр әйел! Екі үлкен доданың арасында жарыстарға қатысып, биік белестерден көрініп жүрді. Бұл спортшының өз кәсібіне адалдығын, өз еліне деген қызметін көрсетеді», деді.

 

Қошеметке бөледі

 

Жүлдесі алтынға балаған жеңіл атлетші бұдан кейін туған жеріне жол тартты. Өскемен әуежайында оны анасы мен үш жасар баласы, тума-туыстары мен жанкүйерлері қошеметпен қарсы алды. «Риодан кейін мен тағы да байқауларға қатыстым, қайтар жол сондай ұзақ болды. Отаныма жеткенше асықтым», деп, Ольга жерлестері алдында ағынан жарылды.

 Осы арада Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы және Рио-де-Жанейродағы ойындардың қола жүлдегері, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының капитаны Ольга Рыпакованы және осы өңірдің басқа да спортшыларын қарсы алған қала тұрғындары зор қошемет көрсетті. Ізгі ниеттерін жеткізді. Одан өзге кездесулерге мотоциклшілер тізбегі сән-салтанатпен алып барды. Қай кездесуде болсын Ольга ел-жұртының құрметіне бөленді.Мұндай қолдауды сонау алыста жүрсе де Риода да сезінгенін айтқан капитан әрдайым қолдау білдірген жерлестеріне алғыс айтумен болды.

 

Автокөлікті етті

 

Риодағы Олимпиада ойынына қатысушыларға құрмет мұнымен біткен жоқ. Өз кезегінде өңір әкімі Даниал Ахметов Ольга Рыпаковаға жерлестерінің атынан автокөлігін сыйлады және 50 мың АҚШ долларының чегін табыс етті.

Бұған дейінгі чемпионаттарда, әлемдік жарыстарда оқ бойы озық көрінген жеңіл атлетші облыс басшылығынан әр жылы түрлі сый-сияпаттарға қол жеткізгені бәрімізге мәлім. Айта кетсек, 2009 жылғы әлем чемпионатынан кейін атлетке облыс басшылығы үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстаса, 2011 жылы Ольгаға Өскемен зауытында жасалып шығарылған KIA Sorento маркалы автокөлігі сыйға тартылған еді. Ал, 2012 жылы ШҚО-ның әкімі Бердібек Сапарбаев олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға ақшалай сыйлық - 50 мың доллар мен атаулы сертификатты табыс еткені бар.

Осындай сый-сияпатқа бөленген Ольганың бұл жолғы иеленген темір тұлпары – Toyota Land Cruiser Prado. Жерлестері жеңіл атлетшіні қандай сый-құрметке болсын лайық деп санайды. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"