ҚР ҚМ спортшысы Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына қола медаль салды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салды.

Үш қарғып секіру сайысынан бас жүлдені колумбиялық спортшы 15.17 метрлік нәтижемен иеленді. Екінші орынға 14.98 м нәтижемен венесуэлалық спортшы шықты. Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова 14. 74 м көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтап, Қазақстан қоржынына төртінші қола медальды салды. Бұл қазақ спортшыларының Риодағы үш күн үзілістен кейінгі қол жеткізген жүлдесі. 
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде дзюдодан ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елдос Сметов ел қоржынына күміс жүлде салса, 48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында жарысқа қатысқан Отгонцэцэг Галбадрах Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал үшінші медальді қоржынға ауыр атлет Фархад Харки салды. Ол ерлер арасындағы 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. 
Олимпиаданың төртінші күні тағы бір ауыр атлет қызымыз Карина Горичева 63 келі салмақта төртінші медальді ел қоржынына салса, Олимпиаданың бесінші күні екі спортшымыз - ауыр атлет Нижат Рахимов және 200 метр қашықтыққа жүзуден Дмитрий Баландин екеуі алтын жеңіп алды. 
Ал осы күні әйелдер арасында сынға түскен ауыр атлет қазақтың қызы Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанған еді. 
Міне, бүгін Қазақстан қоржынындағы медальдар санын Ольга Рыпакова тағы бір медальмен яғни, сегізінші жүлдемен толықтырды.
Осылайша Қазақстан Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жалпы есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен 16-орынын сақтап қалды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"