ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Марафон халықаралық деңгейде қанат қақты

Марафон халықаралық деңгейде қанат қақты

Бұл ауқымды спорттық шараға қатысуға 4,5 мың адам ниет білдірген. Олардың арасында бүгінгі таңда Қарулы Күштерімізде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген оғландырымыз да болды.

Марафон аясында жүгіруге келгендердің алғашқы тобы жарыс жолына таңғы сағат 07.00-ден шықты. Жарысқа қатысушылардың ең жасы 16-да болса, үлкені 80 жаста. Сынға түсушілер 3 түрлі қашықтықты бағындырды. Атап айтсақ, 42,2 шақырым – бұл ең төзімділер үшін. Дайындығы мықты спортшылар 21,1 шақырымды бағындыру үшін бақ сынады. Ал, әуесқойлар 10 шақырымға жүгіруге бел буды. Сондай-ақ, марафон аясында «скандинавтық жаяу жүру» түрі бойынша жарыс қарастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға еліміздің 22 қаласынан, сондай-ақ 19 шетелдің азаматтары тіркеуден өткен. Олардың арасында АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Италия, Кипр, Қытай, Ресей және басқа да мемлекеттер бар.

Қатысушылардан 537 адам 42,2 шақырымға, 876 адам 21,2 шақырымға, 3718 қатысушы 10 шақырымға жүгірді. Мәреге 4618 адам келді. Олардың 483-сі  – 42,2 шақырымды, 788-і – 21,2 шақырымды, 3396 адам – 10 шақырымды еңсерді. Қатысушылардың 61 пайызын ерлер, қалған 39 пайызын әйелдер құрады.

Марафонға қатысушыларды марапаттау салтанаты Геннадий мен Альварестің жекпе-жегі аяқталған соң болды. 42,2 шақырымға жүгіру бойынша бірінші орын кениялық саймон Кипругут Кируйға (Simon Kiprugut Kirui), екінші орын Генри Кипсангқа (Henry Kipsang) бұйырды. Ал үшінші орынды талдықорғандық Алмат Имашев алды. Әйелдер арасында үздік нәтижені Гүлжанат Жанатбек, Ақмарал Мейірман, Мария Киреева көрсетті.

21,2 шақырымға жүгіріп, мәреге алғашқылардың қатарында жеткен Дана Айдосова бірінші орын, Ольга Богомольская екінші орын, Алейша Уон үшінші орын алды. Осы қашықтық бойынша ерлер арасында Алексей Гусаров (бірінші орын), Құдайберген Зейноллаев (екінші орын), Евгений Медведников (үшінші орын) алды.

10 шақырымға жүгіргендерден бірінші орын Бейбіт Серіковке, екінші орын Ерасыл Мұқатайға, үшінші орын Артём Чижевскийге бұйырды. Әйелдерден Жақсыгүл Мұсырмау, Евгения Булгакова мен Перрин Бера үздік деп танылды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?