Халықаралық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойыны өтті

Таяуда Өскемен қаласында  Халықаралық «Жас Ұлан»  әскери-спорттық ойыны өтті. Жарысқа қалалар мен аудандардан 15 команда оқушылары  қатысты.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Жас Ұлан» халықаралық әскери-спорттық ойынында топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы (автоматты толық емес  бөлшектеу және жинақтау), кермеге тартылу, газтұмылдырық киюден, қол гранатасын лақтыру, тактикалық ұрыс бойынша сайысқа түсті.

«Еліміздің әскери қызметінің лайықты ізбасарлары өсіп келеді. Жарысқа қатысушылар жан-жақты дамыған және дайындалған. Мұндай жарыстар жеткіншектерге өзінің әрі қарай тағдырын анықтауға және оны әскери қызметпен байланыстыруға көмектеседі», - дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Семей қаласының «Барыс» командасы, екінші орынды «Аягөз» командасы, үшінші орынды «Курчум» командасы иеленді. Жүлделі орын алған  командалары бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

          Оразай ОМЫРТАЙҰЛЫ,

  АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушы 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"