Промоутер Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альверастің келесі жылы Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Оның сөзіне сенетін болсақ, көптен жұрттың көкейінде жүрген екі боксшының жекпе-жегі ертелі-кеш бәрібір өтеді. Бірақ екі жақтың арасындағы келіссөздер туралы БАҚ-та жарияланбайды.
«Біз бұл жекпе-жекті бейнекамера алдында баяндап жатпаймыз. Ол кездесу түбінде әйтеуір өтеді. Ең бастысы, Golden Boy Promotions компаниясы мен «Канело» бұл жекпе-жекті 2017 жылы өткізгісі келеді. Бұл кездесудің өтетініне сенімдімін», - деп хабарлады Де Ла Хойя.