Сәуірдің 3-і Тайландтың Бангкок қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жалауы желбіреді.
10 сәуірге дейін жалғасатын аталмыш додада Қазақстан құрамасының намысын 20 спортшы қорғамақ. Оның 10-ы – қыз болса, 10-ы – бозбалалар. Айта кетсек, 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әр салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғайтындар: Дарья Серебрякова, Махаббат Серікболқызы, Гүлдана Жүніс, Карина Кузганбаева, Дарья Павлова, Аиша Омарова, Надежда Осмаева, Мария Базаркина, Ольга Пастухова, Гүлжан Құмарбекова. Сондай-ақ, әр салмақ дәрежесінде 18 жасқа дейінгі ұлдар арасында Қазақстан намысын қорғайтындар: Виктор Надворный, Сайхан Тайсуев, Сайрамкез Ақмолда, Анатолий Савельев, Ерасыл Ергенбай, Еламан Сейтқазы, Бексұлтан Айтбай, Асылжан Бектай, Максим Ню, Артем Антропов.