Ғалымжан Өсербаев: «Жанкүйерлердің үмітін ақтаймын»

Өткенде біз еркін, әйелдер және грек-рим күресінен өткен Азияның лицензиялық турнирінде кіші сержант Ғалымжан Өсербаевтың олимпиадалық ойындарға жолдама алғанын сүйіншілеп жеткізген болатынбыз. Бүгін біз алтыншы лицензияның иегері атанған ҚР ҚМ Спорт комитеті штаттық командасының спортшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің шағын сұхбатын жариялаймыз.

- Ғалымжан, бұл турнир сізге жаттықтырушылар мен жанкүйерлер алдында үлкен жауапкершілік артты. Өйткені, Олимпиадаға жолдама алу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Сіз осы турнирге қандай дайындықпен келдіңіз?

- Әр спортшыға Олимпиада лицензиясын иелену – арман. Турнирге дайындық барысында мен ғана емес, жаттықтырушым да, мен сияқты салмақта шығатын Ұлттық құрамадағы әріптестерім де көп күш жұмсады. Дайындық кезінде бәрі де қолұшын беріп, көмектерін көрсетті. Оның үстіне жанкүйерлерімнің де турнир кезінде қолдауы үлкен сеп болды

– Қарсыластарыңыздың жекпе-жегін қадағалап отырасыз ба?

–            Иә, әрине. Барлық қарсылас мықты, нәтижелері жақсы. Сондықтан Олимпиадалық ойындарға мұнан да күштірек дайындалуым қажет.

–            Олимпиадаға дейін қандай үлкен турнирлер болады?

–            Осы жылдың мамырында Дағыстанның астанасы Махачкалада Али Алиевтің құрметіне еркін күрестен өтетін Халықаралық турнирі бар.

–            Алда болатын Олимпиададан не күтеміз?

–            Әрине, мен еркін күрестін жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысамын. Өз басым Олимпиада чемпионы атанып,  жеңісіммен жанкүйерлерімді қуантамын деген ойдамын. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"