Орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық жартылай орта салмақ боксшысы Келл Брукпен өтетін жекпе-жек төбелеске ұқсас болса дейді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
«Мен 12 раунд бойы жұдырықтасуға дайынмын. Сондай-ақ ол жекпе-жек көше төбелесіне ұқсас болса деймін. Мен көше төбелесін жақсы көремін», - дейді Головкин.
Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Лондонда Геннадий Головкин мен Келл Брук арасында жекпе-жек өтеді.