Жеңімпаздар анықталды

Жеңімпаздар анықталды

Алматы қаласы АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында Кеңес Одағының батыры, № 1 Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовті еске алуға арналған 23-ші халықаралық турнир аяқталды.  

«Бокстан өткен бұл халықаралық турнирді біз аты аңызға айналған адамға арнап отырмыз.  Сайыстың өз тарихы мен дәстүрі бар. Сағадат Нұрмағамбетов өзін Отанға қызмет етуге сарп еткен адам.  ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшының жетекшілік етуімен ол заманауи Қарулы Күштердің іргетасын қалады.  Ол сияқты адамдар мәңгі есте сақтауға лайықты және ұмытылмауы тиіс!  Оның құрметіне өткізілген турнир бұл ұлы адам туралы естелікті жаңғырту үшін жасап жатқан титтей ғана дүние. Әрбір боксшы үшін осы турнирге қатысу, оның үстіне жеңіске жету – бұл үлкен мақтаныш пен абырой», - деп атап өтті АОСК-ның бастығы А.Қорғамбаев.

Турнирдің қорытындысы бойынша бокстан Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Нұқанов Айдархан «үздік боксшы»  атанды. Өздерінің салмақ дәрежелерінде  Қайсар Асқар (49 кг) – Жамбыл облысы,  Смали Береке (52 кг) – Алматы қаласы, Нұрғали Алмаз (56 кг) – Алматы қаласы, Бекнұр Ожанов (60 кг) – Шығыс Қазақстан облысы, Джахонгир Расулов (64 кг) – Өзбекстан Республикасы,   Айдархан Нұқанов (69 кг) – Нұр-Сұлтан қаласы, Сапарбай Айдаров (75 кг) – СК – ҚР ҚМ АОСК, Әкімбай Еркебұлан (81 кг) – Алматы облысы, Еркін Мұхаммеджан (91кг) – АОСК-ның спортшысы және Ресей Федерациясынан келген Александр Сидорин (91 кг жоғары) турнир жеңімпаздары атанды.

Сайыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар ағымдағы жылғы шілденің 8-і мен 14-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ҚР Президентінің Кубогына өтетін турнирге және 2019 жылғы қыркүйектің 6-ы мен 29-ы аралығында Екатеринбург қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға кандидаттар ретінде қарастырылатынын айта кету қажет.

«Өнер көрсеткен деңгейімізге дән ризамын. Мұқият дайындалып, өзімді жеңіске қол жеткізуге қамшыладым. Қарсыластар мықты, жекпе-жек күрделі болды. Командамызды керемет өнер көрсетулерімен құттықтаймын! Бапкерлерге, командаға және әрине, бізге қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғыс білдіремін!», - деді турнирдің «үздік былғары қолғап шебері», 69 келі салмақ дәрежесіндегі сайыс жеңімпазы, спортшы Айдархан Нұқанов.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи