ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

"Жас ұлан" мектебінің тәрбиеленушілері арасында футболдан жарыс өтті

"Жас ұлан" мектебінің тәрбиеленушілері арасында футболдан жарыс өтті

«Жас ұлан» республикалық мектебі – біздің еліміздің бірегей оқу орны. Он жеті жыл ішінде мектепте көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Мектеп түлектері біздің әскеріміздің офицерлік корпусын толтырып және өзінің еліне лайықты қызмет етіп келеді.

Міне, осындай 2002 жылғы бітірген ең алғашқы түлектер 27 мамыр күні мектептің спорт залында мектеп бітіргендеріне 15 жыл толуына байланысты мектеп тәрбиеленушілері арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарысты салтанатты түрде Әнұранмен ашып, Халық қаһарманы, Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атамызды еске алудан бастады.  Жарысқа 7 команда қатысып, жүлделі бірінші орынды 2 оқу рота командасы, екінші орынды 3 оқу рота командасы, үшінші орынды 4 оқу рота командасы иеленді.

Жарыстың соңында «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинациялар бойынша ойыншыларға сыйлықтар табысталды.

Сол сияқты жүлделі орындар алған командаларға арнайы  мектеп түлектерімен дайындалған кубоктар, бағалы сыйлықтар мен естелік медальдар табыс етілді. Мектеп басшылығы ұландарды тәрбиелеуде, спортты дамытуда және салауатты өмір салтын насихаттауда осындай жарыстың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ал, биыл мектеп бітіргелі отырған 3 оқу рота ұланы Кушенов ағаларына алтын ұя мектептерін ұмытпай 15 жылдан кейін кездесуге келгендеріне, ұйымдастырған іс-шараға ұландар атынан рахметін айтып, мектебіміздің алғашқы түлектерімен кездесу олар үшін үлкен қуаныш екенін жеткізді.

Капитан Меруерт Смағұл

                                                                                                                                            идеология және арнайы насихаттау бойынша офицері 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"