«Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінің салтанатты жабылу рәсімі өтті

Алматыда ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттықтыру орталығының базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Алғаш рет ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығының бастамасымен шалғай гарнизондарда тұратын әскерилердің балалары үшін ағымдағы жылғы 10 маусымнан бастап Спорт комитеті – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығының аумағындағы лагерь өз жұмысын бастады. Шаһардың экологиялық таза және әдемі жерінде орналасқан «Жас сарбаз» лагері Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Гвардейск, Сарыөзек, Өскемен, Семей, Үшарал, Аягөз, Қарағанды, Приозерск гарнизондарындағы 300-ден астам баланы құшақ жая қарсы алды.  

«Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігімен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан қорғаушының оң имиджін қалыптастыру, әскери кәсіп пен қызметтің беделін нығайту жөніндегі жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Оқушылар әскери-патриоттық клубтарда бірігіп, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі әскери-техникалық мектептерде білім алуда», - дейді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Дулат Адырбеков. Лагерь аясында балаларға мәдени-тынығу және спорттық іс-шаралардың кең ауқымы, оның ішінде, Алматының көрікті жерлеріне саяхат жасау, концерттік бағдарламалардың, әртүрлі ойын-сауық байқауларының, АОСК-ның танымал олимпиадалық спортшыларымен кездесулер ұйымдастырылды, Сондай-ақ Панфилов кентіндегі АОСК-ның  оқу-жаттықтыру орталығына бір күндік шығу өткізілді. Онда ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының жоғары білікті нұсқаушылары кедергілер жолағын бұзып өту, әртүрлі спорттық снарядтардағы жаттығуларды орындау бойынша сабақтар, сондай-ақ скалодром мен пейнтболда арқан саябағында сабақтар бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"