Жас жауынгерлер курстан өтуде

Мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Алматы қаласындағы Армия орталық спорт клубына «Көктем-2016» шақырылымы жас толымының 18 спортшысы келді.

Спортшылар бөлімше құрамы дене даярлығы нормативтерін, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау нормативтерін орындауда.  Сондай-ақ саптық және тактикалық даярлықты, жалпыәскери жарғыларды зерделеуде. Жас жауынгер курсы шеңберінде жас толым үшін АК-74-тен атыс даярлығы өткізілді. Сонымен бірге, сарбаздар толық жауынгерлік жарақтандыруда 10 шақырымға жүгірді. «Әскери өмір менің күнделікті дағдылы және оқу-жаттықтыру жиындардағы өмірімнен әлдеқайда ерекшеленеді.  Әскерде таңның атысымен оянасын, сондай-ақ анағұрлым қатал тәртіп. Бірақ, мен мұндай режімге бейімделіп үлгердім және жарғы бойынша өмір сүре отырып, әлдеқайда тәртіптірек бола бастағанымды сезінемін. Спорттық өмірде мен шағын калибрлі спорттық винтовкадан атамын және АК-74 пен оның арасындағы айырмашылық жер мен көктей.

Спорттық винтовканың оқ атуының серпілісі едәуір азырақ және оқ ату процесінің өзі қарапайым және жылдамырақ болып келеді. Алайда, нысанадағы контрацепция анда да мұнда да күшейтілген», - деді биатлоннан Қазақстан Ұлттық құрамасының спортшысы Максим Браун. Дайындық курсының қорытындысы бойынша жас толым салтанатты жағдайда Қазақстан халқына адал болуға ант береді. Бұл әрбір әскери қызметшінің өміріндегі ерекше қадам болып табылады.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"