Жартылай марафонға гарнизонның әскери қызметшілері қатысты

Жақында Қарағанды қаласында Астана қаласының 20 жылдығына, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Арманға жол-2018» атты халықаралық жартылай марафон өткізілді.

Марафонның ашылуына Қарағанды облысының әкімі Е.Кошанов, «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскерлер қолбасшысы генерал-майор Д. Адырбеков, Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник К.Абишев қатысты.

Жартылай марафонға Қарағанды гарнизонының әскери бөлімдерінен, «Астана» өңірлік қолбасшылығынан және Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінен 100-ге жуық әскери қызметшілер қатысты. Әскери қызметшілер 7,14,21 шақырым ара қашықтықта жүгірді, ал олардың балалары 2 шақырымдық «Балапан» жүгірісіне қатысты.

«Мен әрдайым қаламыздың масштабты шараларына, оның ішінде спорттық іс-шаралар болса қатысуға тырысамын.Әр әскери қызметшінің дене бітімі жетілген болуы қажет» - де, жүгірістен кейін «Астана» ӨңҚ әскери қызметшісі аға лейтенант Ербол Ахметов алған әсерімен бөлісті.

Әр әскери қызметші «Арманға жол - 2018» жартылай марфонына қатысқаны туралы сертификаттармен және медальдармен мәреде марапатталды.

Осы жылы жартылай марафонға үш мыңнан астам адам қатысқанын, олардың ішінде шетелдік спортшылар бар.

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"