Эверест шыңына шыққан АОСК альпинисі Мақсұт Жұмаев Астанаға оралды

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы Тау даярлығы орталығының офицері капитан Мақсұт Жұмаевқа құрмет көрсетілді.

Армия алпинисі, Жер шарының биік нүктелерінің бірі – Эверест шыңына екінші рет шығып, Эвересттің оңтүстігі мен солтүстігі бойынша – екі бағытты да бағындырған, әлемнің санаулы алпинистерінің қатарына кіреді. Шыңды бағындыру тарихында аталған екі бағытты барлығы он шақты адам бағындырған. Өзінің бұл жеңісін Астананың 20 жылдығына арнады. Капитан М.Жұмаев қосымша ауа пайдаланбай-ақ барлық алпинизмнен 14 «сегізмыңдықты» бағындырған әлемнің 12-ші адамы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері. «Біз шыңның оңтүстік жағынан шықтық, бұл жол қиын әрі, қауіпті. Ең басты қауіп – Кхумбу мұзы – алпауыт мұзды тау ағыны, оның қозғалу жылдамдығы күніне бір метрге жетеді. Бұл әлемдегі жылжымалы және қауіпті мұз. Сонымен қоса, мына жағынан сегізмыңдық Лхоцзе мұзды қабырға бағыты жағынан өту – өте қауіпті жер. Бұдан өзге, оңтүстік жағында базалық лагерлер де аз. Ол лагерлерде алпинистер демалуға тоқтайды. Бұл жерде ауа райына бейімделу үдерісі жай жүреді», - деді Мақсұт Жұмаев. Алғаш рет 2007 жылы ол сегізмыңдық биіктікті бағындырды. Ол кезде армия алпинисі аға лейтенант Василий Пивцовпен бірге солтүстік жақтағы шыңға шыққан болатын. Ағымдағы жылы Армия орталық спорт клубында Тау даярлығы орталығының базасы құрылған болатын. Орталықтың басты міндеттері тау жағдайында және биік таулы жерлерде  жауынгерлік міндеттерді шешуге қабілетті нұсқаушыларды және әскери қызметшілерді даярлау болып табылады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"