Еліміздің әскерилер спортшылары құзға шығу даярлығын жетілдіруде

- Биылғы жылы Халықаралық олимпиада комитеті ресми түрде 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына құзға шығу бойынша спорт жарысын енгізді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. Армия орталық спорт клубының спортшылары 10 жыл қатарынан құзға шығудан Қазақстан Республикасындағы спортшылардың ең мықты үштігіне кіреді.

Армия орталық спорт клубының спортшылары 2007-2009 жылдардағы Чемпионаттар мен Азия Біріншіліктерінде 12 медалді иеленіп, Әлем Чемпионатының нәтижелері бойынша әлемнің мықты ондығының тізіміне енген болатын. Тау даярлығы бойынша Армия орталық спорт клубына қарайтын штаттық команданың спортшысы кіші сержант Девятериков Артем - 2010 жылы Тайландта күрделі 8 б+ құз жолын бағындырған қазақстандық жалғыз спортшы. Армияда құзға шығу өзекті спорт түрінің бірі болып саналатынын айта кеткен жөн. Себебі әскери қызметші кез келген сәтте қарсыласына тойтарыс беруге дайын болуы қажет.

Сонымен қатар, Таудағы үш сайыс бойынша Кабардино-Балкарияда шілде айында өткен ТМД достас армиялар арасындағы Чемпионатта біздің спортшылар екінші орынды иеленгенін естеріңізге сала кетейік. Жарысқа Ресей Федерациясы, Оңтүстік Осетия және Қазақстанның командалары қатысқан болатын. Тау даярлығы бойынша Қазақстан армиясының намысын ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары кіші сержант Артем және Никита Девятериковтер, сондай-ақ спорт ротасының қатардағы жауынгері Роман Костюков қорғады. Чемпионат үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңдегі сайыстар - жеке құзға шығу және екі адамнан қосарлап шығу бойынша өтті. Екінші кезеңде спортшылар 12 кедергі бойынша 370 метрлік биіктікті бағындырды. Таудағы үш сайыстың үшінші кезеңі штаттық қарудан ату арқылы 5 шақырымға дейін жүгіруден тұрды. Әр спортшы иығына артқан 15 кг жүгімен қоса толық әскери жабдығын арқалаған күйі жарысқа шықты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"