Егіз ефрейтор екі салмақта үздік шықты

Қытайдың Іле-Қазақ автономиялы облы¬сы¬ның Мұңғыл¬күре ауданында қазақ күресі¬нен әлем чемпионаты өтті. Осы сында бес салмақ дәрежесі бойынша түгелдей қазақ балуан¬¬дары топ жарып, тұғыр биігіне көтерілді. Солардың ішінде АОСК әскери спортшылары, ефрейторлар Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар қазақ күресінен әлем чемпионы атанды.

Додаға әлемнің 25 елінен 80-нен астам кілем шеберлері қатысып, бес күн бойы боз кілем­де бақ сынасты. Алдымен егіз балуандар Ғұс­­ман және Ғұмар Қырғыз­баев­­тар жан­күйер­лерін тәнті етіп, ал­ғаш­қы екі салмақта үздік шық­ты. Атап айтқанда, Ғұсман 60 кило сал­­­мақта күресіп, финал­да өзбек­ста­н­­дық Санжар Осма­нәлиевтің жауы­ры­нын жер иіс­кет­ті. Көрші елдің атынан сынға түскен Ғұмар болса, 70 кило сал­мақ­та Шың­жаң өлкесінің балуаны Мәде­ниет Жалын­­байды ұтты. Айта кетейік, ағайынды Қырғызбаевтардың бұл бір ғана жеңісі емес. Осы уақытқа дейін олар  әртүрлі деңгейдегі жарыстар мен турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы атанып, топ жарып жүрген спортшылар.

Сондай-ақ, чемпионаттағы ең қызықты белдесулер түйе балуандар арасында өтті. Оған салмағы 80 килодан асатын үздіктер қатысты. Бұл сы­нақта Қазақстанның намысын Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров қорғады. Нәтижесінде Ай­бек жарысты іріктеу кезеңінде аяқ­таса, Мұхит қола жүлдеге қол жет­кізді. Ал «түйе балуан» атағын гру­зин Гурам Тушишвили жеңіп ал­ды. Салмағы 130 килодан ауыр 21 жастағы бұл алып жігіттің дзю­до­­­дан Еуропа чемпионы деген атағы бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"