Ефрейтор Руслан Жапаров Рио Олимпиадасына жолдама алды

Манила қаласында (Филиппины) таэквондодан Азиялық лицензиялық турнир өтті. 80 келіден жоғары салмақта жартылай финалдық жекпе-жекте Армия орталық спорт клубының спортшысы, ҚР спорт шебері, ефрейтор Руслан Жапаров пәкістандық таэквондошы Аршад Атиефті ойсырата жеңді.

Шешуші кезеңде Жапаров Қытайдың спортшысынан жеңіліп, бәсекенің күміс жүлдегері атанды. Лицензиялық турнирдің ережесі бойынша пәкістандық спортшыны жеңгенінің арқасында  ефрейтор Руслан Жапаров алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарға жолдама алады. «Олимпиадаға қатысуға ұтып алынған жолдама – бұл спортшымыз бен бүкіл бапкерлер штабының қажырлы еңбегінің жемісі. 2015 жылдан бастап Руслан жолдаманы жеңіп алу үшін ұпай жинай отырып, әртүрлі халықаралық додаларға қатысты. Үйге оралысымен Жапаровты Алматы қаласындағы қалпына келтіру жиындары күтіп тұр. Одан кейін Корея мен Бразилиядағы жиындарда Олимпиадаға қызу дайындықты бастаймыз», - дейді таэквондодан АОСК командасының аға бапкері, капитан Әнуар Үсенов.

Айта кетейік, Руслан Жапаров ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылар қоржынына сегізінші Олимпиадалық жолдаманы иеленіп отыр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"