Ефрейторлар Ғұсман мен Ғұмар жеңімпаз атанды

Швейцарияда Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) шеңберінде дзюдодан әскери қызметшілер арасында 37-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстандық дзюдошылар, ҚР ҚМ АОСК-ның ефрейторлары Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар турнирдің жеңімпаздары қатарына кірді.

 60 келі салмақта ефрейтор Ғұсман Қырғызбаев алжирлық спортшыны ойсырата жеңіп, шешуші кезеңде, яғни, финалда Тунистің спортшысын шаң қаптырды. Оның ағасы ефрейтор Ғұмар Қырғызбаев 66 келі салмақта қазақстандық құраманың қоржынын қола медальмен толықтырды.

 Сайысқа барлығы әлемнің 30 елінен келген 190 мықты спортшы қатысты.

Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының намысын ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының 8 спортшысы қорғады. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында атап өткендей, ағайындылар Ғұсман мен Ғұмар Қырғызбаевтар мықты, кәсіпқой спортшылар болып табылады. Оның айқын дәлелі ретінде республикалық және халықаралық деңгейлердегі турнирлер негіз бола алады. Бір сөзбен айтқанда, ағымдағы жылдың күзінде олар «қазақша күрестен» әлем чемпиондары атанды.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"