ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Динара – FIDE-нің аймақтық чемпионы

Динара – FIDE-нің аймақтық чемпионы

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Ташкентте өткен шахматтан FIDE-нің (Халықаралық шахмат федерациясы) аймақтық чемпионы атанып, қыздар арасындағы әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.

Шахматтан әлем чемпионатының іріктеу кезеңі ретінде саналған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан және Ауғанстан елінің үздік шахматшы қыздары қатысты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша өтіп, шахматшылар тоғыз тур ойнады. Сегізінші турдан кейін өзбекстандық шахматшы қыз Гулрухбегим Тохиржонова 7,5 ұпаймен бірінші орында келе жатқан еді. Ал, отандасымыз Динара Сәдуақасовада 7 ұпай болатын. Шешуші тоғызыншы турда Сәдуақасов Түркменстан шахматшысы Жемаль Овездурдыеваны ұтса, өзбекстандық Тохиржонова тағы бір отандасымыз Әсел Серікбаймен тең ойнады. Осыдан кейін, екі шахматшы да бірдей сегіз ұпай жинап, теңесіп қалды. Жарысты ұйымдастырушылар Сәдуақасова мен Тохиржонова арасында қосымша ойын өткізіп, нәтижесінде Динара Сәдуақасова жеңіске жетті.

Сөйтіп, отандасымыз турнирдің чемпионы атанды. Динара осымен қатарынан екінші рет әлем біріншілігінде ойнауға мүмкіндік алды.

Ерлер арасындағы бәсекеде жігіттеріміз нәтижелі өнер көрсете алмады.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"