Былғары қолғап шеберлері бақтарын сынады

Ақмола облысында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы оқу-жаттықтыру орталығының бастығы полковник Мереке Жүсіповтың құрметіне орай жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Турнирдің негізгі мақсаттары салауатты өмір салтын насихаттау, боксты дәріптеу және жас боксшылардың спорттық шеберліктерін арттыру болды. Турнир 17-ші рет өткізілуде.  Төрт күн бойы төрешілер жас спортшылардың деңгейін бағалады. Қазақстан мен Ресейдің 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері өздерінің бақтарын сынады.

«Барлық бокшылар жекпе-жекте батылдық, адуындық танытып, жеңіске деген ықтиярлықтарын көрсетті. Спортшылардың бокстың шеберлігі мен тактикасын меңгеруді жетілдіруге талпынғандары байқалып тұр», - деді халықаралық дәрежедегі спорт шебері полковник Мереке Жүсіпов.

  Естеріңізге сала кетсек, Мереке Жүсіпов – 1987 жылғы КСРО кубогының, 1991 жылғы КСРО чемпионатының, 1991 жылғы КСРО кубогының, 1991 жылғы КСРО халықтары спартакиадасының, 1992 жылғы ТМД чемпионатының, 1992 жылғы ТМД кубогының күміс жүлдегері. Сондай-ақ 1990 жылғы КСРО чемпионатының, 1990 жылғы КСРО кубогының қола жүлдегері, Қырғызстан, Ресей, Тунис, Финляндиядағы халықаралық турнирлердің чемпионы, Болгариядағы достастық армиялары спартакиадасының қола жүлдегері, кикбоксингтен ТМД чемпионы. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"