Болашақ офицерлер шаңғы маршын жасады

Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығында әскери-қолданбалы машықты жетілдіру мақсатында 4-курс курсанттары оқ атудан сынақтар тапсыра отырып, шаңғы маршын жасады.

Жергілікті жердің әртүрлі жағдайларында шаңғыларда қозғалу тәсілімен курсанттарды оқытып-үйрету, шыдамдылықты, күшті, іс-қимылдардағы шапшаңдылықты дамыту мен жетілдіру, сондай-ақ саптық және жауынгерлік амалдармен шаңғыларда кедергілерді еңсеру курсанттардың шаңғы маршын жасауы үшін негізгі тапсырмаларға айналды. Әскери қызметшілердің дене даярлығы жүйесінде курсанттардың жауынгерлік мамандықты сапалы меңгеруіне, далалық және марштық дағдыны жетілдіруге ықпал ететін шаңғы дайныдығы маңызды орынға ие.

Шаңғыда қозғалу курсанттардың жан-жақты дене даярлығы мен шынығуының керемет құралы. Шаңғы дайындығы бойынша сабақтар, шаңғылардағы ұзақ марштар, сайыстар болашақ офицерлердің төзімділігін, күші мен шапшаңдылығын, жерде жылдам бағдарлауға қамшылайды. Шаңғы дайындығы – дене даярлығының әскери-қолданбалы түрі. Шаңғыда қозғалуға оқытып-үйретілген курсанттық бөлімшелер қысқы мезгілде қар басқан жерде кез келген бағытта және жолсыз үлкен жылдамдықпен жылжи отырып, еркін түрде орағытады. Бөлімшелердің шаңғылардағы қозғалуының орташа жылдамдығы 5-7 км/с құрайды.

«Практикалық сабақтарда оқытушылар бізді шыңғылардағы жауынгерлік амалдар мен тәсілдерге оқытып-үйретті. Бүгін біз АК-74-тен оқ ату бойынша сынақтар тапсыра отырып, шаңғы маршын жүріп өттік. Бұл жолы біз жатып оқ аттық. Жатып оқ ату тасаның болмауы кезінде ашық жерде жүргізілді. Бүгінгі кедергілерді еңсеру, жүгіріс пен еңбектеп өту өте қызықты болды және біз тағы бір рет өзіміздің шыдамдылығымыз бен іс-әрекетіміздің жылдамдығын байқап көрдік», - дейді 4-курс курсанты Мәулен Қабыкенов.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"