Биылғы жылдың байрақты бәсекесі

Биылғы жылдың байрақты бәсекесі

Биыл қазақстандық спортшылар қатысатын маңызды халықаралық жарыстардың ең негізгісі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары.
Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 33 жолдамаға иелік етті. Негізгі квота қаңтар айындағы жарыс¬тарда үлестірілетінін ескерсек, Олимпиада ойындарына дейін бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.

Әлемдік спорттың биік шыңы

Алғаш рет 1924 жылы І қысқы Олимпиада ойындары Францияның Шамони қаласында  ұйымдастырылған-ды. Оған әлемнің 16 елінен 280 спортшы қатысты.  Ал, 1928 жылғы ІІ қысқы Олимпиада ойындарына (Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында) 25 елден 464 спортшы жарысқа түсті.  
Осылайша, араға төрт жыл сала өткен дүбірлі дода әлемнің әр елінде өтеді. Мәселен, 1932 жылы ІІІ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында,  1936 жылы ІV қысқы Олимпиада ойындары Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында спорт саңлақтарының басын біріктірді.   1948 жылы V қысқы Олимпиада ойындарының алауы Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында екінші рет тұтанды. Бұл бәсекеде 28 елден 669 спортшы бақтарын сынады.  
1952 жылы VI қысқы Олимпиада ойындарын Норвегия астанасы Осло, 1956 жылы (VIІ қысқы ойын) Италияның Кортина Д'Ампеццо, 1960 жылы VIІІ қысқы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Скво-Вэли қалалары қабылдады.  1964  жылы ІХ қысқы Олимпиада ойындары Австрияның Инсбурк қаласында алауын тұтатты. Байрақты бәсекеге 36 елден 1091 спортшы келді.  Ал, 1968 жылы Х қысқы Олимпиада ойындарын өткізу Францияның Гренобль қаласына бұйырды. Онда 37 елден келген 1158 саңлақ жүлде үшін таласқа түсті.  
Осылайша, әр төрт жыл сайын төрткүл дүниенің әр тарабынан жиылған спортшылар тартысқа түсуді дәстүрге айналдырды. Бұдан кейін қысқы Олимпиада ойындары Жапонияның Саппоро (1972 ж.), Австрияның Инсбурк (1976 ж.), АҚШ-тың Лэйк-Плэсид (1980 ж.),  бұрынғы Югославия мемлекетінің Сараево (1984 ж.),  Канаданың Калгари (1988 ж.),  Францияның Альбервиль (1992 ж.), Норвегияның Лиллехамер (1994 ж.) қалаларында ұйымдастырылды. Әлемдік спорттың ең биік шыңы – Олимпиада ойындары енді міне, араға төрт жыл сала, биыл, 2018 жылы тағы бір өткізілмек.


Олимпиада медальдары

Сонымен, биыл ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 8 - 25 ақпан аралығында Оңтүстiк Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.
Пхенчхан қысқы Олимпиадалық Ұйымдастыру комитетінің таныстырылымы бойынша, үздік спортшыларға табысталатын медальдардың алдыңғы бетінде Олимпиада сақиналары, екінші бетіне Пхенчхан қысқы Олимпиадасының логотипі бейнеленген.
Медальдың диаметрі 92.5 миллиметр, шығыңқы бетінің қалыңдығы 9.42 миллиметр, ойыс бетінің қалыңдығы 4.4 миллиметрді құрайды.
Алтын медальдың салмағы – 586 грамм, «күміс» – 580 грамм, «қола» – 493 грамм.
Айта кетейік, алтын медальдың салмағы 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы алтын медалінен ауырлау болып отыр.


Қазақстанның жүлделері

Жоғарыда көрсеткеніміздей, 1994 жылы XVІІ қысқы Олимпиада ойындарын Норвегияның Лиллехамер қаласы қабылдады. Әлемнің 69 елінен бірі ретінде байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы тұңғыш рет қатысты. Алғаш рет қатысса да Қазақстан жүлдесіз қалмады. Атақты шаңғышы Владимир Смирнов 1 алтын, 2 күміс жеңіп алып, елді олжаға кенелтті. Бұл ойында жалпыкомандалық есепте Қазақстан 12 орынға орналасты.
Ал, 1998 жылы XVІІІ қысқы Олимпиада ойындарының алауы Жапонияның Нагано қаласында тұтанды. Оған 72 елден 2302 спортшы қатысты. Бұл жолы Қазақстан құрамасынан шаңғышы Владимир Смирнов пен конькимен жүгіруші Людмила Прокашева қола медаль жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Беларусь республикасымен 20-21 орындарды бөлісті.  
Өкінішке қарай, бұдан кейінгі 2002 жылғы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити және 2006 жылы Италияның Турин қаласында  өткен Олимпиада ойындарында еліміздің спортшыларына жүлде бұйырмады.
Есесіне, Канаданың Ванкувер қаласы қабылдаған ХХІ қысқы Олимпиада ойындарында (2010 ж.) тартысқа түскен 82 елден 2766 спортшылардың арасынан қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталеваның бағы жанып,  жекелей сында күміс медальді жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан мен Эстония елдері 25-26 орынды өзара бөлісті.  
Ал, осыдан төрт жыл бұрыңғы байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 52 спортшы қорғады. Ресейдің Сочи қаласында өткен ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 90 елінен 2800 спортшы қатысты.
Сочиде мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей бәсекеде Денис Тен қос бағдарламада 255,1 ұпай жинап, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды. Осылайша, 2014 жылы Қазақстан жалпыкомандалық есепте 26-орынды иеленді.
Енді алдағы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында отандастарымыз бұдан да жоғары жетістіктерге жетеді деген үміттеміз.  

9 спорт түріне қатысады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек,  2018 жылғы Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы ойнатылады.
Қазақстан тоғыз спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр. Олар: биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы жарысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шана спорты, шаңғы тебу, трамплиннен шаңғымен секіру, фристайл (акробатика, могул).
Бүгінгі таңда ұлттық құраманың 23 олимпиадалық лицензиясы (биатлоннан – 10; мәнерлеп сырғанаудан – 3; шорт-тректен – 10)  бар. Лицензияларды жеңіп алу 2018 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

Олимпиададан олжа күтеміз

Ә дегеннен ауызға ілігері – әрине, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен¬нің есімі. Өйткені ол осыдан төрт жыл бұрынғы Олим¬пиада¬ның соңғы күндері қола медаль алған еді. Дегенмен, Сочи Олим¬пиадасынан елге ақпарат таратқан спорт журналисі Рус¬¬¬лан Меделбектің айтуынша, Тен Пхенч¬ханда үздік 10 спортшының қатарына кірсе, Қазақстан үшін де, өзі үшін де үлкен жеңіс екенін айтады.
«Әрине, Денис Тен¬нің үз¬дік үштікке еніп, медаль ал¬ғанын қа¬лаймын. Бірақ, оның қазіргі бағ¬дарламасы тек үздік ондыққа жетсе жақсы нәтиже деп есептеу¬ге болады. Егер Оли쬬пиадаға дейін ол жаңа бағ¬дарлама дайындайтын болса, жүлдегерлер қатарынан көрініп қалуы мүмкін. Оның қазір орындап жүрген бағдарламасынан үздік сегіз бағдарлама бар. Сон-дықтан өз басым Теннен жүл¬де күтемін деп айта алмаймын. Ал Элизабет Тұрсынбаеваға келер бол¬сақ, оның бағдарламасы тек үздік бестікке ғана жетеді», – дейді Р.Меделбек.
Бұдан кейін көкейге фристайлшылар – Юлия Галышева мен Дми¬трий Рейхердтің есімі оралады. Олардың да жүлдеге таласуға мүм¬кіндіктері бар.  Мұндай пікірмен тек спорт журналистері ғана емес, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирек¬циясының өкілі Айдос Рым¬құл да келіседі. Оның айтуынша, биылғы Ақ Олимпиадада фристайлшылар бір жүлде алуы мүмкін.
«Пхенчханда фристайл құрамасы бір медаль алады деп топшылап отырмын. Галышева кем дегенде қола медальға қол жеткізуге қауқарлы. Басқа спортшыларда үміт аз. Биатлоншылар үздік ТОП-15-тің қатарына ене¬тін шығар. Егер конькиші Креч бабында болса, бәлкім ол да жүл¬деге таласуына болады. Ме¬ніңше, медальды фристайлшылар алады. Рейхердтен де үміт күтуге болар еді, бірақ ол соң¬ғы кездері тұрақсыз өнер көр¬сетіп жүр. Галышеваның медаль алуы канадалық апалы-сің¬лілі қыздардың дайындығына байланысты деп айтар едім. Себебі олардың дайындығы орташа болса да жетіп жатыр, төрешілер сүйреп шығады», дейді А.Рымқұл. Рас, соңғы уақытта фристайлшылар Юлия Галышева мен Дми¬трий Рейхердтің нәтижелері кө¬ңіл көншітерлік. Өткен айда Қы¬тайдың Secret Garden тау-шаңғы курортында фристайлдан әлем кубогында Галышева мен Рейхерд бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алды.
Могул жарысының бірінші күнінде Галышева 77,79 ұпай¬мен екінші орын иеленсе, аме¬ри¬калық спортшы Джелин Кауф 77,90 ұпай жинап, әлем кубо-гының жеңім¬пазы атанды. Ал екінші күнгі гранд-финал бәсекесінде Юлия Галы¬шева жоғарыдағы қарсыласын арт¬қа тастап, алтын медальға қол жет-кізді. Бұл сында америкалық спортшы екінші, канадалық фристайлшы үшінші орын алды. Ерлер арасындағы гранд-фи¬налда Дмитрий Рейхерд 84.92 ұпаймен күміс медаль ен¬ші¬леді. Канадалық Микаэля Кингсбери алтын (85.94), аустриялық  Мэтт Грэхэм (82.96) қо¬ла ме¬дальды қанағат тұт¬ты.
Жа¬рыс¬тың бірінші күнінде Дми¬трий Рейхерд 36-шы орыннан кө¬¬рінген еді.
Айта кетейік, Олимпиадаға дейін екі спортшымыз төрт әлем кубогына қатысып, дайындықтарын одан әрі шыңдап, Пхенчханға аттанатын болады.
Міне, біз үміт артқан саңлақтарымыз осындай. Дегенмен, биыл Ақ Олимпиадада Қазақстан құрамасынан қоржынға медаль салатын басқа да спортшылар шығып қалар деген ойдамыз. Олай болса, алға қазақстандықтар!

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"