Азия кубогының жеңімпаздары атанды

Таиландтың астанасы Бангкокта құзға өрмелеу бойынша Азия кубогының кезеңі өз мәресіне жетті.

Онда ҚР ҚМ АОСК-ның спортшылары қола жүлдегер атанды. Турнирге бес елдің 80-нен аса спортшысы қатысты. Армия орталық спорт клубы спорттық ротасының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі Әмір Меймұратов пен құзға өрмелеуден штаттық команданың спортшысы Маргарита Агамбаева қола жүлдегерлер атанды. «Құзға өрмелеуде икемділік пен үйлесімділік қана емес, сонымен бірге, ойлау қабілеті, яғни, келесі қандай қадам болатынын жылдам шешу қажет. Енді келесі старттарға дайындалуға тура келеді. Онда өзіңнің нәтижеңді жақсарту қажет», - дейді қатардағы жауынгер Әмір Меймұратов. 2016 жылы Халықаралық олимпиадалық комитет 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына құзға өрмелеуді қосу туралы шешім қабылдағанын айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"